Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Мамырбаева Кульзира Калдыбековна

Мамырбаева Кульзира Калдыбековна

Ph.D. докторы

Қауымдастырылған профессор

Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы кафедрасы

Email: k.mamyrbayeva@satbayev.111

H-index:
5

Докторанттардың саны:
1

Кәсіби өмірбаяны

Ғылыми қызығушылықтары – түсті металдардың поликомпонентті кендерін, қалдықтарын пиро- және гидрометаллургиялық процестермен кешенді өңдеу; сұйық экстракция, ұнтақты металлургия, композициялық материалдар.

Кәсіби өмірбаяны: 

"Металлургия  және пайдалы қазбаларды байыту" кафедрасының қауымдастырылған профессоры; Ph.D, 2012 жылы «Тотыққан және аралас мыс кендерін гидрометаллургиялық өңдеу» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.  

Соңғы 10 жылда минералды шикізатты кешенді өңдеу және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірқатар жобалардың ғылыми жетекшісі, аға, бас ғылыми қызметкері болды және болып табылады, соның ішінде:

Бас ғылыми қызметкер – ИРН AP23490117 «Темір тотығы пигменттері мен аса ұсақ металл ұнтақтарын алу үшін пирит концентраттарын кешенді өңдеу технологиясын жасау», 2024-2026 ж.ж.

ИРН19680477 «Никель-кобальтқұрамды кендерді пиро- және гидрометаллургиялық процестерді пайдалана отырып, кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу» (2023-2025 жж) жобасының ғылыми жетекшісі, 

«Мысты сұйықтық экстракциямен бөліп алу кезінде крадтың түзілуін азайтудың кешенді технологиясын жасау», 2022-2024 жж., жобасының бас ғылыми қызметкері

2004 – 2007 ж.ж. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың – ХҒТК (ХҒТК К 464.2) – «Төмен уытты мышьяк қосылыстарын алу үшін кенді және техногенді мышьяк бар өнімдерді өңдеу» жобасына қатысты. 

Оның жетекшілігімен металлургия мамандығы бойынша 10 магистрлік диссертациялар, 50 астам бакалаврлық диплом жұмыстары мен жобалары қорғалды. "Арнайы материалдарды алу негіздері", "Күйдіру және балқыту процестерінің технологиялары" оқу-құралдардың авторы. 

6В07203 – "Металлургия және минералды шикізатты байыту", 7М07204 – "Металлургия және минералды шикізатты байыту" және 8D07204 – "Металлургиялық инженерия" мамандықтары бойынша 15  астам оқу-әдістемелік кешендердің (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) авторы. 30 астам ғылыми еңбектері  шетелдік, ТМД және республикалық журналдарда жарияланған, Хирша Индексі – 5, Scopus-5.

Білімі

1987-1992 - Әль Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Химия факультеті.

2006-2008 - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті, Магистратура, металлургия магистрі.

2009-2012 - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті мен Колорадо Тау-кен мектебі (АҚШ) арасындағы бірігіп кадрлар даярлау бағдарламасы бойынша Докторнатура, 6D070900-"Металлургия" мамандығы бойынша PhD докторы. 

Ғылыми жобалар

1) Бас ғылыми қызметкер – ИРН AP23490117 «Темір тотығы пигменттері мен аса ұсақ металл ұнтақтарын алу үшін пирит концентраттарын кешенді өңдеу технологиясын жасау», 2024-2026 ж.ж.;

2) Ғылыми жетекші - 2023-2025 ж.ж. - ИРН19680477 «Никель-кобальтқұрамды кендерді пиро- және гидрометаллургиялық процестерді пайдалана отырып, кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу»;

3) Бас ғылыми қызметкер - 2022-2024 жж., "Мыстың сұйықтық экстракциясы кезіндегі крад түзілуді төмендету технологиясын әзірлеу";

4) Аға ғылыми қызметкер - 2018-2020 ж.ж., «Алтын-мышьяк-көмір концентраттарын қайта өңдеу технологиясын негіздеу және жасау»;

5) Аға ғылыми қызметкер - 2015-2017 ж.ж., «Металдық және тотықтырылған темірдің ұнтағын алу технологиясын жасау» жобасы № 757 MON.GF.15. RIPR 26. - гранттық қаржыландыру;

6) Ғылыми жетекші - 2015-2017 ж.ж., "Түсті металл ерітінділерін байыту және тазарту (рафинирование)" ;

7) 2004-2007 ж.ж. - «Уытты улы мышьяк қосылыстарын алу үшін кенді және техногендік мышьякқұрамды өнімдерді өңдеу». Халықаралық ғылыми-техникалық орталық жобасы, ISTC (ISTC K 464.2)

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл

Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары

Кобальт-никельқұрамды кендерді өңдеу технологиясын әзірлеу және негіздеу