Мырзахметов Бейбіт Әбікенұлы

Мырзахметов Бейбіт Әбікенұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасы

Email: b.myrzakhmetov@satbayev.111

H-index:
2

Докторанттардың саны:
2

Кәсіби өмірбаяны

Профессор, техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК (Жоғары аттестациялық комиссия) доценті

Инженер-механик, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 35 жылдан асатын құрметті оқытушы және ғалым. КСРО МК-нің ірі мемлекеттік ғылыми жобаларының орындалуына тікелей атсалысқан және осы соның нәтижесі бойынша КСРО ҚМ-нің Салалық сыйлығының лауреаты атанған. ҚР-ның Ұлттық тау-кен ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. 2005–2016 жж. аралығында ҚазҰТУ-да «Мұнай және газ өндірісінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының меңгерушісі қызметінде болған. ҚР МЖМБС-ның (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) және бірнеше мамандықтың жұмысшы оқу жоспарының бірлескен авторы, 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде мамандық бойынша 7 оқу құралының және 30-дан аса өнертабысқа патент пен авторлық куәлік иесі. ҚазҰТУ-ның 2004 жылғы «Үздік оқытушысы». ҚазҰТУ-дың «Жылдың ең үздік өнертапқышы» атты конкурстардың жеңімпазы.

Саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қолданбалы сипаттағы бірқатар ғылыми жобаның ғылыми жетекшісі. Силез техникалық университетінің (Польша) «Transport problems» атты ғылыми журналының редакция алқасының мүшесі. «Kazenergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының Қазақстандық ассоциациясының эксперттік кеңесінің мүшесі. «ҚазМұнайГаз» АҚ ТМГК (тәуелсіз мұнай-газ кешені) басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен және «Құрметті мұнайшы» төсбелгісімен, сонымен қатар «ҚР-ның мұнай және газ өндірісінің дамуына қосқан үлесі үшін» және  «Айрықша еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Білімі

1. АлИИТ. Механикалық факультет. Тепловоздар жәнетепловозды шаруашылық, инженер-механик, диплом ЖБ-II № 0012827. 1976-1981 жж. Алматы қ.

2. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ. Мұнай факультеті. Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары, диплом ЖБ №0068605. 2002-2004 жж. Алматы қ.

Ғылыми жобалар

- №757.МОН.ГФ.15.ЭМ.1 «Сериялық тербелмелі станоктар базасында штангалық ұңғымалық сораптардың ұзын жүрісті теңгергіш жетегін әзірлеу» ( 2015-2017 жж.) жобасы бойынша ҒЗЖ Ғылыми жетекшісі.

- № AP05134561 «Жоғары құм дақтары бар штангалық бұрандалы жүйелерге арналған құм төгетін құрылғыны әзірлеу және коммерциялық енгізу» ( 2018-2020 жж.) жобасы бойынша ҒЗЖ Ғылыми жетекшісі.

- № AP05131363 «Құрама ағынды сорғы қондырғыларының көмегімен жерасты ұңғымалық шаймалау кезінде өнімді ерітінділерді айдау техникасы мен технологиясын зерттеу және әзірлеу» (2018-2020 жж.) жобасы бойынша ҒЗЖ Ғылыми жетекшісі.

- ИЦА магистралды құбыржолдарының ГПА КС технологиялық байқау бойынша және Бірыңғай техникалық политика мен Қоғамның инновационды-технологиялық дамуының Бағдарламасын жасау бойынша ғылыми топтың жетекшісі, «SAPA SOFTWARE»-мен контрактқа сәйкес (Тендер АО «Казтрансгаз», Лот №923944, 01.08.2019г. - 30.12. 2019г.).

Жарияланымдар

1. Мырзахметов Б.А., Савинкин В.В., Мацепура Е.А. Исследование причин отказов штанговых глубинных насосов и перспективы повышения их ресурса работы// Вестник КазНИТУ. №5, 2019г. С. 122-129.

2. Мырзахметов Б.А. Проблемы взаимодействия науки и производства в реализации инновационного развития промышленности республики Казахстан// Вестник КазНИТУ. №2, 2019г. С. 74-77.

3. Мырзахметов Б.А., Нуркас Ж.Б., Султабаев А., Токтамисова С.М. Противопесочные устройства для защиты скважинного насосного оборудования в условиях пескопроявления// Горный журнал Казахстана. № 10, 2019г. С. 25-29.

4. Б.А. Мырзахметов, А.Е. Султабаев, С.М. Токтамисова, Е.Б. Майкенов. Моделирование скважинной тандемной насосной установки для откачки урана при подземном скважинном выщелачивании// Сб.Тр.Межд.научно-практической конф. «Рациональное использование минерального и техногенного сырья в условиях индустрии 4.0» 14-15 марта 2019г. Том: 1. С.  421- 426.

5. Б.А.Мырзахметов, М.Т.Оралбеков, Т.Х.Шуриев. Моделирование режимов работы тандемной насосной установки в скважинных условиях и обоснование их применения в технологии добычи урана// ІХ Международ.научно-практическая конференция «Актуальные проблемы урановой промышленности», 7-9 ноября 2019. Алматы. С.269-278.

6. Б.А. Мырзахметов, А.В. Сладковский, С.М. Токтамисова.  Испытательный стенд для проведения экспериментальных исследований комбинированной насосной установки// Горный журнал Казахстана. №4, 2019г. С. 21-23.

7. Б.А. Мырзахметов, Л.А. Крупник, А.Е. Султабаев, С.М. Токтамисова. Математическая модель работы струйного насоса в составе скважинной тандемной установки// ГИАБ© Научно-технический журнал, №8, 2019г. С. 123-135. https://www.scopus.com/record/display.uri?eid=2-s2.0-85071029318&origin=AuthorNamesList&txGid=92385222466169189a8be1ac53a5b148

8. Мырзахметов Б.А., Крупник Л.А., Бейсенов Б.С., Токтамисова С.М. ПРИМЕНЕНИЕ ПРАКТИЧЕСКОГО ОПЫТА НЕФТЯНОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ ДЛЯ ПОВЫШЕНИЯ ЭФФЕКТИВНОСТИ ОТКАЧКИ ПРОДУКТИВНЫХ РАСТВОРОВ УРАНА. Безопасность труда в промышленности. №7, 2018. РФ. Выпуск 739. ISSN 0409-2961. С. 74-80.

9. Мырзахметов Б.А., Нуркас Ж.Б., Султабаев А., Калиев Б.З. ОСОБЕННОСТИ ЭКСПЛУАТАЦИИ СКВАЖИН В УСЛОВИЯХ ВЫСОКОГО ПЕСКОПРОЯВЛЕНИЯ. Журнал «Oil&Gas (Russia)». №10, 2018г. С. 60-65.

10. Мырзахметов Б.А., Токтамисова С.М., Сарыбаев Е.Е., Майкенов Е.Б. ЗАЩИТА ГЛУБИННОНАСОСНОГО ОБОРУДОВАНИЯ В УСЛОВИЯХ ВЫСОКОГО ПЕСКОПРОЯВЛЕНИЯ. Журнал «Промышленность Казахстана».   № 2 (103), 2018. С.80-83.

11. B.Myrzakhmetov, A.Sultabayev, Toktamissova S. Substantiation of the methodology for modeling and calculating the optimal operating modes of a tandem pumping installation when mining uranium//Published by the Dnipro University of Technology on behalf of Mining of Mineral Deposits. ISSN 2415-3435 (Print)//Volume 14 (2020), Issue 4, pg.59-65//  https://doi.org/10.33271/mining14.04.059

12. Б.А.Мырзахметов, Ж.Б.Нұрқас, Л.А.Крупник, Токтамисова С.М. Противопесочные клапаны для защиты скважинного насосного оборудования в условиях высокого пескопроявления//Горный информационно-аналитический бюллетень. №12, 2020г. С. 125-136. ISSN: 0236-1493.

13. Н.Ж.Маркс, Б.А.Мырзахметов, А.В Сладковский, Токтамисова С.М. Жер үсті технологиялық сорап қондырғыларына арналған аралас сорап қондырғысының әдістемесін математикалық модельдеу//Труды Сатпаевских чтений «Сатпаевские чтения – 2020». 12 апреля, 2020г. Том 1. С.427-431.

14. Б.А.Мырзахметов, А.В.Сладковский, Токтамисова С.М. Методика расчетного моделирования режимов работы струйного насоса для транспортировки продуктивных растворов урана// XII International conference of transport problems 2020. Silesian University of Technology, Katowice, Poland, 2020. С.528-538. ISВN 978-83-959742-0-5

15. Б.А.Мырзахметов, А.В.Сладковский, Р. А. Мусабеков. ПРИМЕНЕНИЕ ОБЩИХ ПРИНЦИПОВ НЕРАВНОВЕСНОЙ ТЕРМОДИНАМИКИ ДЛЯ АНАЛИЗА ВЫСОКОДИНАМИЧНЫХ ПРОЦЕССОВ СГОРАНИЯ В ТРАНСПОРТНЫХ ДВС//  XII International conference of transport problems 2020. Silesian University of Technology, Katowice, Poland, 2020. С.519-527. ISВN 978-83-959742-0-5

16. У.М. Ануарбек, К.А. Лайық, Б.А. Мырзахметов.  УСАҚТАП-УАТУ ЖАБДЫҒЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУ ЖУЙЕСІН ГИДРОКОМПЕНСАЦИЯ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ//Труды Сатпаевских чтений «Сатпаевские чтения – 2021». 12 апреля, 2021г. Том 1. С.1122-1127.

17. О.А. Ахметжан, Г. М. Омар, Б.А. Мырзахметов. ФЛОТАЦИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАНЕ ЖОСПАРЛЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КОРСЕТУ КЕЗІНДЕГІ БАЙПАСТЫҚ ЖУЙЕНІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ//Труды Сатпаевских чтений «Сатпаевские чтения – 2021». 12 апреля, 2021г. Том 1. С.1127-1131.

18. "Штангасыз сораптық қондырғылардың құмға қарсы клапаны ", Патент №34414 от 28.08.2020 г., Мырзахметов Бейбит Абикенович, Мырзахметов Ерлан Бейбитович, Нұркас Жасұлан Болатжанұлы, Султабаев Архат Ерболович, Токтамисова Салтанат Махмудовна.

19. "Штангалы винттік сорғы қондырғыларына арналған құмға қарсы клапан ", Патент №34415 от 28.08.2020 г., Мырзахметов Бейбит Абикенович, Нұркас Жасұлан Болатжанұлы, Султабаев Архат Ерболович, Токтамисова Салтанат Махмудовна.

20. "Сорғыш штангалы сорғы қондырғыларына арналған құмға қарсы клапан", Евразийский патент №038348 от 12 августа 2021 г., Мырзахметов Бейбит Абикенович, Нуркас Жасулан Болатжанулы, Султабаев Архат Ерболович, Токтамисова Салтанат Махмутовна.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл

Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары

1. Құмды көп өндіру жағдайында мұнай айдау станциясының жұмыс сенімділігін арттыру.

2. Сорылатын штангалы сорғының жетектерінің пайдалану-техникалық параметрлерін жақсарту.

3. Мұнай кен орнын игеруге арналған «ақылды ұңғыманың» тұжырымдамасын және техникалық қолдауын жасау.