Нұрбекова Гүлназира Джалиловна
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Қауымдастырылған профессор
Жобаларды басқару институты
Шет тілдер кафедрасы
Email: g.nurbekova@satbayev.111
Кәсіби өмірбаяны
Шетел тілін оқыту саласында жұмыс өтілі 30 жыл, 40‑тан астам ғылыми еңбектерге автор және қосалқы автор, 2002-ші жылы «13.00.02 – Білім беру саласы бойынша: оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (шетел тілдерін оқыту)» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, «Болашақ» халықаралық стипендиясының екі мәрте иегері (2013–2014 және 2024–2025 жж.).
Педагогикалық қызметін 1995 жылы неміс тілін оқыту әдістемесі кафедрасында оқытушы ретінде бастаған.
2002-2005 жж. - неміс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (ҚазХҚӘТУ)
2005-2013 жж. - неміс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ университеті
2007-2011 жж. - Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ университетінің Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы
2011-2013 жж. - Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ университеті ректорының кеңесшісі
2013-2014 жж. - «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде Англияда (Brunel University) тілдік курстар және ғылыми тағылымдама
2015-2017 жж. - ғылыми-әдістемелік басқару бөлімінің басшысы, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ университеті
2017-2020 жж. - Сәтбаев университетінде ағылшын тілі кафедрасының сеньор-лекторы
2020 -2025 жж. - Сәтбаев университетінде шетел тілдер кафедрасының аға оқытушысы
2025 жылдан бастап Сәтбаев университетінде шетел тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Білімі
1990-1995 жж. - Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті, неміс тілі факультеті. Мамандығы: неміс және араб тілдерінің мұғалімі.
1998-2001 жж. - Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің аспиратура бөліміне оқуға түсіп, 2002 ж. «13.00.02 – Білім беру саласы бойынша: оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (шетел тілдерін оқыту)» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
2010-2012 жж. - Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ, «Шетел тілі: екі шетел тілі»
Халықаралық бағдарламалар«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты - Ғылыми тағылымдама, Ұлыбритания, Брайтон қаласы, University of Sussex (2024–2025 жж.).
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты - Тағылымдама, Ұлыбритания, Лондон қаласы, Brunel University (2013–2014 жж.).
Сертификаттар мен кәсіби тұрғыда даму
·Certificate of Completion – Bolashak Research Internship Programme, United Kingdom (2024–2025)
·Certificate of Attendance – 17 Structured Modules, University of Sussex, United Kingdom (2024–2025)
·Certificate of Appreciation - Global Empathy Conference, Австралия, 2025
·TKT Module 1: Language and Background to Language Learning and Teaching - 03.07.2023, Алматы
·TKT Module 2: Lesson Planning and Use of Resources for Language Teaching - 03.07.2023, Алматы
Ғылыми жобалар
Ғылыми бағыты «Шеттілдік білім беру әдіснамасы»Жарияланымдар
1. English as a Medium of Instruction in Teaching Computer Science in Higher Education/ The Europeand the Turkic World: Science, Engineering and Technology. Materials of the IX International Scientific-practical Conference, 2024 207-210, ISBN 978-601-267-399-9
2. Inclusive Education: Supporting Autism Spectrum Disorder (ASD) Students' Equity and Participation in the EFL Classroom/ VII. International Research Congress on Social Sciences Proceedings Book. ANKARA, 2025, 261-269, ISBN 978-605-82037-9-2
| № | Мақаланың аты | Журнал аты | Бағыт | Жыл |
|---|---|---|---|---|
| 1 | "Challenges of Active Parental Involvement in the Education System" | Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы | Білім беру және педагогикалық зерттеулер | 2025 |
| 2 | Бағалау–техникалық білім беретін оқу орнының бірінші курс студенттерін шетел тілін үйренуге ынталандыру құралы ретінде | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы | Педагогика және психология ғылымдары | 2023 |




