Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Шукаев Дулат Нұрмашұлы

Шукаев Дулат Нұрмашұлы

Техникалық ғылымдар докторы

Профессор

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

«Киберқауіпсіздік, ақпараттарды өңдеу және сақтау» кафедрасы

Email: d.shukayev@satbayev.university

H-index:
8

Кәсіби өмірбаяны

Көрнекті ғалым, оқытушылық тәжірибесі 47 жыл. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ресей табиғаттану академиясының корреспондент-мүшесі. Ақпараттану және басқару теориясы бағыттарының белгілі маманы, ресурстарды тарату есебінің «ауытқыланған» параметрлі модельдері мен шешу әдістерінің жаңа бағытын ұсынған ғалым. ҚР БжҒМ мен Инженерлік академиясының іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының гранттары  бойынша көптеген жобалардың ғылыми жетекшісі. 180-нен аса ғылыми еңбектердің, оның ішінде 6 оқулықтың, мемлекеттік стандарттар мен оқу жоспарларының авторы. Хирша индексі – 6. Елімізде компьютермен модельдеу бағыты бойынша қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген алғашқы оқулықтардың авторы. Университеттің оқу және әдістемелік жұмыстар бойынша проректоры, кафедра меңгерушісі лауазымдарын, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалатын ғылыми кеңестің төрағасы қызметін атқарған. ҚР Жоғарғы кеңесінің Грамотасымен, «Саңлақ автор» медалімен, «Білім саласының құрметті қызметкері» белгілерімен марапатталып, үш мәртебе «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанған.  

Білімі

Жоғары, Ленинград политехникалық институтының  физика және механика факультеті

Техника ғылымдарының докторы. ҒД № 0000203

Профессор. ПФ № 0000521