Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Солтабаева Сауле Темирболатовна

Солтабаева Сауле Темирболатовна

Техникалық ғылымдар кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Директордың орынбасары

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институты

Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы

Email: s.soltabayeva@satbayev.university

H-index:
8

Докторанттардың саны:
3

Кәсіби өмірбаяны

2022 жылғы қыркүйектен бастап – Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты директорының орынбасары және Satbayev University қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.

2019-2021 ж. – Геология, мұнай және тау-кен іс институты директорының орынбасары.

2021-2022 ж. – Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары.

Солтабаева С.Т. ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-педагогикалық қызметтің үздіксіз еңбек өтілі 24 жылдан асады. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары бойынша ғылыми жобаларға, шаруашылық келісім-шарт тақырыптарына қатысады. Солтабаева С.Т. 60-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 5 оқу құралының, тау-кен, геодезиялық және жерге орналастыру мамандықтарының студенттеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 1 оқулықтың авторы. Сондай – ақ, Web of Science - 4, Scopus – 5, докторанттармен және магистранттармен 10-нан астам басылымдары бар. 2 докторанттың ғылыми жетекшісі

Білімі

1994-1999 жж. Қазақ ұлттық техникалық университетінде 1901-Маркшейдерлік іс мамандығы бойынша білім алып тау-кен инженер-маркшейдер біліктілігі берілді (01.06.1999 ж. № ЖБ 0006161 дипломы, тіркеу №333).

1999-2000 жж.  Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде 1900-тау-кен іс мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі оқуды жалғастырып тау-кен іс магистрі академиялық дәрежесі берілді (13.10.2000 ж. № МТБ 0001160 дипломы, тіркеу №33).

2010 жылы т.ғ.д., профессор Ж.Д.Байгуриннің ғылыми жетекшілігімен 25.00.16 – "Тау-кен және мұнай-газ кәсіпшілігі геологиясы, геофизика, маркшейдерлік іс және жер қойнауы геометриясы" мамандығы бойынша "Ашық тау-кен жұмыстарын жоспарлау кезінде кен қорларын дайындауды маркшейдерлік қамтамасыз ету әдістемесін жетілдіру" тақырыбында диссертация қорғады (FK №0004999 23.09.2010 ж. №8 хаттама) техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді