Үдербаев Алмас Жауынбайұлы

Үдербаев Алмас Жауынбайұлы

Филология ғылымдарының кандидаты

Қауымдастырылған профессор

Кафедра меңгерушісі

Жобаларды басқару институты

Email: a.uderbayev@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

2016 ж. маусым айынан Сәтбаев Университеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі.

2011-2016 Қазақстан-Британ техникалық университетінің сениор-лекторы, ассистент-профессоры (2014 ж.)

2002-2011 ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші, ғылыми, аға ғылыми қызметкері  

Білімі

ҚР БҒМ талантты жас ғалымдарға арналған ұлттық стипендияның иегері (2008-2010 жж.), ҚР БҒМ грамотасымен марапатталған (2008 ж.).

2001 ж. 10.02.02 - қазақ тілі мамандығы бойынша «Моңғолиядағы қазақ диаспорасы тіліндегі фонетикалық-ареал құбылыстарды салыстырмалы зерттеу» тақырыбында кандитаттық диссертация қорғады.

1998-2001 жоғары білім: ҚР Ұлттық Ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, күндізгі бөлім аспирантурасы.

1994-1998 жоғары білім: Х.Досмұхамедұлы атынд. Атырау мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы. Біліктілік: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

Ғылыми жобалар

Қазақ тіл білімінің диалектология, әлеуметтік лингвистика, лексикография, фонетика, терминология салалары, орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту.

2018-2020 «Геология, геодезия, география бойынша арнаулы лексикадағы инновациялар: біріздендіру және лексикографиялау» (№ АР05134289. Г.2018) тақырыбындағы гранттық жобаға ғылыми жетекшілік

2015-2017 «Өзге тілдік ортадағы қазақ тілінің өміршеңдігі» (4125/ГФ4) тақырыбындағы гранттық жобаның ғылыми жетекшілігі

2015-2017 «Қазақ тілінің ұлттық корпусын жасау»  ғылыми жобасына қатысушы

2012-2014 «Тілдердің қоданылуы мен дамыту» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына енген 30-томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктерді дайындау жұмысына қатысушы (2011–2020 жж.).

2023 жылдың басынан (2024 жылдың наурызына дейін) «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі терминдерінің бірыңғай қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздігін құру» шарттық жобасы күшіне енді.  

2023 жылдың қараша айынан бастап кафедрада "Қазақ тілі ұлттық корпусының терминологиялық кіші корпусына материалдар жинау" қысқа мерзімді (қараша-желтоқсан) шаруашылық келісім жобасы "ИРН BR21882249 "Қазақ тілі ұлттық корпусының (ҚТҰК) кіші корпустарын мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде жетілдіру және кеңейту" (ПЦФ қаражатынан) жобасы шеңберінде жұмыс істейді (№1/24 11-838 шарт 29.11.2023 ж.).

Жарияланымдар

- Мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларының қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздігі. – Алматы, 2024. – 912 б. (құрастырушы авторлардың бірі)

- «Экспрессивтік стилистика: Ұлттық психологиялық парадигмалар» // Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Маусым 2023.ТОМ-69.№2. https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/issue/view/43/50

- Екі тілді геологиялық терминдер сөздіктеріндегі жаңа терминдер мен терминдік қолданыстар // «Тілтаным» журналы.  ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2019 №4 (автормен бірге).

- Орысша-ағылшынша-қазақша геологиялық терминдер сөздігі. – Алматы: Қазақ тілі, 2019.  (құрастырушылардың бірі). 

- Лексикографирование диалектной лексики в толковом словаре казахского языка. – Актуальные проблемы диалектологии языков народов России: Материалы XVIII Всероссийской научной конференции (с международным участием). Уфа: ИИЯЛ УФИЦ РАН, 2018. ISBN 978-5-91608-169-5/ Стр.110-116. автормен бірге.

- О лексико-семантическом способе образования новых терминов в области геологии. – «Сохранение и развитие родных языков в условиях многонационального государства: проблемы и перспективы» // Материалы IX Международной научно-практической конференция – Казанский Федеральный университет. Казань, Россия. 11-13.10.18. автормен бірге.

 - Қытайдағы қазақтар тілінің аймақтық ерекшеліктері: зерттелімі және сөздігі (монография және сөздік). - Алматы, 2017. - 260 б. (авторлардың бірі).

- Шетелдегі қазақтардың тіліндегі лексикалық ерекшеліктерді зерттеуде екі тілді сөздіктерді пайдалану // Türkoloji Üzerine Araştırmalar, ISSN 2147 0898 - Тюркологические Исследования, ІССН 2147 0898. Турция, Афион. №3, 2017. - 82-86 бб.

- Қазақша-орысша, орысша-қазақша салалық терминологиялық сөздік. Геология, геодезия және география (құраст. автордың бірі). - Алматы, 2014. - 450 с.

- Ә.Ермековтің «Ұлы математика курсы» оқулығындағы математика терминдері // "Терминологиялық Хабаршы" журналы. №2, 2014.

- Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің бір томдық үлкен түсіндірме сөздігі). – Алматы: Дәуір, 2013 (құрастырушылардың бірі).

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл