Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
Жақсылықова Күләй Баймендіқызы

Жақсылықова Күләй Баймендіқызы

Білім беру ғылымдарының докторы

Профессор

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: k.zhaxylikova@satbayev.university

H-index:
4

Кәсіби өмірбаяны

Жақсылықова Күләй Баймендиновна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының және «ҚР жетекші ғалымы» Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.

Жақсылықова К.Б. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.  1986-1989 жылдары сол жерде оқытушы болып жұмыс істеді. 1989-1991 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Қазіргі қазақ тілі кафедрасының күндізгі аспирантурасында оқыды.  1992 жылы «Қазақ тілінің тілдік материалдарын ғылыми тұрғыда сұрыптау және ұйымдастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1993-1996 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылы  ҚР ЖАК доцент атағы берілді.

2001 жылы күндізгі докторантураны бітіріп, «Қазақ тілін модульдік оқытудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.  2008 жылы ҚР ЖАК профессоры атағы берілді.

1998-2004 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті. 2004 жылдың сәуір айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі, 2008 жылдан осы күнге дейін «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының профессоры.

К. Жақсылықованың ғылыми-педагогикалық қызметінің жалпы өтілі 30 жыл. Осы жылдар ішінде ол республика үшін жоғары білікті инженерлік кадрларды дайындауда өз үлесін қосты. Профессор К. Жақсылықова қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша ғылым кандидаттары мен магистрлерді дайындады,инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілін кәсіби бағдарлы оқыту саласында ғылыми мектеп құрылды.

Ғылыми, педагогикалық және ұйымдастыру қызметі саласындағы еңбегі үшін Күләй Жақсылықова бірнеше рет ҚР БжҒМ, Сәтбаев университетінің Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Білімі

Жоғары. Филология. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институты, 1983

Аспирантура. (Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі) Казахский национальный педагогический университет имени Абая, 1991

Докторантура. (Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі) Казахский национальный педагогический университет имени Абая, 1998