Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
24 маусым 18

AP23486543 «Турбуленттілікке қарсы қоспасы бар тұтқырлығы жоғары сұйықтықтың турбулентті қозғалысы мен жылу алмасуын модельдеу»

Жоба өзектілігі

Турбуленттілікке қарсы қоспасы бар тұтқырлығы жоғары мұнайдың турбулентті қозғалысы мен жылу алмасуына арналған математикалық және сандық модельдерді әзірлеу мұнайды ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезінде энергия шығындарын азайтуға мүмкіндік береді

Жоба мақсаты

Турбуленттілікке қарсы қоспасы (ТҚҚ) бар тұтқырлығы жоғары мұнайдың турбулентті қозғалысы мен жылу беруін модельдеу және есептеу әдістемесін құру

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

1. Рейнольдс кернеуінің алгебралық моделін (ARSM), Рейнольдс кернеуінің толық моделін (RSM), үлкен құйындар моделін (LES) және стационарлық емес Навье-Стокс теңдеулерін есептеу моделін (DNS) қоса алғанда, полимерлі қоспамен турбулентті қозғалысты сипаттау үшін қолданылатын бес турбуленттік модельге егжей-тегжейлі талдау жасалды. 2. Полимер молекулаларының серпімді созылуын және олардың тұтқырлығы жоғары сұйықтық ағынымен өзара әрекеттесуін сипаттайтын Петерлиннің тұтқыр серпімді сұйықтығының (FENE-P) реологиялық моделіне талдау жасалды. 3. Құбырдағы турбуленттілікке қарсы қоспасы бар тұтқырлығы жоғары сұйықтықтың турбуленттік қозғалысы мен жылу алмасу міндеті әр түрлі қарсылықты төмендету режимдері үшін тексерілген FENE-p сұйықтықтары үшін турбуленттіліктің жетілдірілген моделін қолдана отырып тұжырымдалған. 4. Сырғанаудың болмауын болжайтын қабырға үшін шекаралық шарттар және жылдамдық, турбулентті кинетикалық энергия және конформациялық тензорды қоса алғанда, барлық негізгі параметрлер үшін бастапқы мәндер орнатылған. 5. Полимерлі қоспасы бар тұтқырлығы жоғары сұйықтықтың турбулентті қозғалыс және жылу алмасу теңдеулері жүйесінің шешімі SIMPLE алгоритмі мен берілген параметрлері бар құрылымдалған тордағы бақылау көлемі әдісін қолдану арқылы орындалады.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Научный руководитель - Жапбасбаев Узак Кайрбекович

Жарияланымдар тізімі 

Pakhomov M. A., Zhapbasbayev U. K. RANS predictions of turbulent non-isothermal viscoplastic fluid in pipe with sudden expansion //Journal of Non-Newtonian Fluid Mechanics. – 2024. – Т. 334. – С. 105329.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту