Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Halyk Academy Satbayev University зертханасы

Halyk Academy зертханасы 2023 жылы Автоматика және ақпараттық технологиялар институты жанынан құрылды және заманауи инновациялық білім беру ортасы ретінде жұмыс істейді. Зертхана Satbayev University мен Halyk Bank арасындағы серіктестік аясында ашылып, IT-құзыреттерді дамытуға, жоғары білікті мамандар даярлауға және студенттер үшін кәсіби экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

Halyk Academy Satbayev University

Halyk Academy қызметінің негізгі мақсаты – студенттерге еліміздің ең ірі қаржы-технологиялық жүйелерінде қолданылатын заманауи цифрлық технологияларға, практикалық білімдерге және құралдарға қолжетімділік беру. Зертхана оқу, жобалық жұмыс, шығармашылық даму және IT-сарапшылармен өзара әрекеттесу үшін арнайы құрылған орта болып табылады.

Негізгі қызмет бағыттары:

·         Halyk Bank IT-департаменттерінің мамандары жүргізетін бағдарламалау, деректерді талдау және цифрлық шешімдер әзірлеу бағыттарындағы дәрістер, практикалық сабақтар және мастер-класстар өткізу;

·         Halyk Bank технологиялық стекімен сәйкестендірілген білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, бұл студенттерге нақты құралдармен және технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

·         студенттердің заманауи IT-шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша оқу, зерттеу және жобалық жұмыстарға қатысуы;

·         Студенттердің IT-клубтарының, оның ішінде ойын жасаушылар клубының, видеоййындар әзірлеумен айналысатын қауымдастықтардың және басқа да шығармашылық техноклубтардың қызметін қолдау;

·         ICPC (International Collegiate Programming Contest) сияқты халықаралық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және халықаралық бағдарламалау олимпиадаларына студенттерді дайындау;

·         студенттерге жеке жобалар жасау, тәжірибе алмасу, командалық жұмыс және инженерлік ойлау қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

·         студенттердің Halyk Bank IT-департаменттерінде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру арқылы практикалық тәжірибе жинақтауына және заманауи қаржы-технологиялық жүйелерді терең меңгеруіне мүмкіндік беру;

·         банк әзірлеушілері мен аналитиктері қатысатын воркшоптар, мастер-класстар және карьералық кездесулер өткізу.

Halyk Academy Satbayev University-дің кәсіби IT-қоғамдастығын қалыптастыруға ықпал етіп, студенттерді, оқытушыларды және сарапшыларды цифрлық дағдыларды дамыту және технологиялық міндеттерді бірлесіп шешу үшін біріктіреді.

Байланыс ақпараты

Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының директоры
Дайнеко Евгения Александровна
E-mail: itech@satbayev.university
401 ККЦ

«Программалық инженерия» кафедрасының м.а. меңгерушісі
Утегенова Анар Урантаевна
E-mail: an.utegenova@satbayev.university
1021 ГУК

«Программалық инженерия» кафедрасының жетекші инженері
Калиева Жансая Бағдатқызы
E-mail: z.kaliyeva@satbayev.university
Тел.: 8 747 287 59 03
1010в ГУК

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту