Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа

Студенттік конструкторлық бюро

Көрсетілетін қызметтер 

Оптикалық талшықты лазерлік станок  

Оптикалық талшықты лазерлік станок металды лазерлік өңдеуге арналған. Өңдеу жазықтық бойынша кесу әдісімен жүргізіледі. Кесу аймағы: 1500 мм × 3000 мм. Кесілетін металдар: 

  • Көміртекті болат – 12 мм-ге дейін 
  • Тот баспайтын болат – 4 мм-ге дейін 
  • Алюминий – 3 мм 
  • Мыс – 2 мм 

Листтерді ию 

Металл парақтарын ию операцияларын орындауға арналған. Жұмыс иілу ұзындығы: 2000 мм. Максималды ұзындығы 2000 мм болған жағдайда 3 мм қалыңдықтағы металды июге болады. Қысқалау ұзындықта өлшемге байланысты 5–6 мм қалыңдықтағы металды ию мүмкін. 

3D Принтер CreatBot F430, 2022 

Қолданылуы: Қабаттап балқыту әдісімен (FDM) 3D басып шығару. Жұмыс аймағы: 

  • Жұмыс ені: 300 мм 
  • Максималды жұмыс биіктігі: 300 мм 
  • Жұмыс ұзындығы: 400 мм 

Электронды әмбебап сынақ машинасы, микрокомпьютермен басқарылатын WDW-50E 

Қолданылуы: жабдық түрі – созылу сынақ машинасы. Өндіруші: TIME Group Inc., Қытай. Сериясы: WDW. Моделі: WDW-50E. Сипаттамасы: Максималды жүктемесі 50 кН (5 тонна) болатын электромеханикалық созылу сынақ машинасы. 

Токарлық-винт кесу станогы 

Қолданылуы: JET GH-2060 ZH DRO RFS станогы әртүрлі маркалы болаттан және түсті металдардан жасалған дайындамаларды жоғары дәлдікпен жонуға арналған. Техникалық сипаттамалары: 

  • Станина үстіндегі айналу диаметрі: 500 мм 
  • Шпиндель жылдамдығы: 9–1600 айн/мин 
  • Орталықтар арасындағы қашықтық: 1525 мм 
  • Қозғалтқыш қуаты: 7,5 кВт 
  • Салмағы: 3000 кг 

Мекенжайымыз:
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22В, ИМС, 103-кабинет.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту