Киберқауіпсіздік кафедрасы
КҚ кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды: 6В06301 «Ақпараттық қауіпсіздік», 7М06301 «Ақпараттық қауіпсіздікті кешенді қамтамасыз ету» (1, 2 жыл), 8D06301 «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері».
КҚ кафедрасында шамамен 30 профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) жұмыс істейді: олардың ішінде 6 профессор (ғылым докторлары), 3 қауымдастырылған профессор, 6 PhD, 2 ғылым кандидаты бар.
КҚ кафедрасында «HUAWEI», «1C», «Cisco», «Lenovo» атты 5 зертхана, сондай-ақ киберқауіпсіздік және жасанды интеллект бойынша аккредиттелген ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.
Жұмыс істеген жылдар ішінде 30-дан астам гранттық және шаруашылық шарт (хоздоговор) негізіндегі зерттеулер орындалды. Тек 2025–2026 жж. кафедрада «Киберқауіпсіздік» және «Машиналық оқыту және жасанды интеллект» бағыттары бойынша жалпы сомасы 1 284 097 363 теңгені құрайтын 7 ғылыми жоба іске асырылуда.
Кафедраның білім беру бағдарламалары АҚШ-тағы Penn State университетімен (3+1+1 бағдарламасы) ынтымақтастық жасайды.
6В06301 «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер дуальды немесе онлайн оқытуға, соның ішінде грантты сақтай отырып (Adway платформасы арқылы), ауысу мүмкіндігіне ие.
Кафедра келесі компаниялармен тікелей байланыста: ЦАРКА, Halyk Bank, Noventiq, Казахтелеком, Kaspi, Отбасы Банк, Centerсredit, Кселл, 1C Қазақстан, HUAWEI Қазақстан, Centurion IT, ҰҚК, «Мемлекеттік техникалық қызмет» (KZ-CERT) және т.б.
Кафедра ПОҚ жетекшілігімен 11 докторлық, 70-тен астам кандидаттық және ондаған PhD диссертация қорғалды. Кафедра түлектері Қазақстанда, ТМД елдерінде және шетелде — Канада, АҚШ, Германия, Израиль, Үндістан, Түркия және басқа да елдерде табысты еңбек етуде.
Кафедра меңгерушісі:
физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ягалиева Бағдат Есенқызы
Білім беру бағдарламалары
-
Бакалавриат
-
Магистратура
-
Докторантура
-
Қашықтықтан білім беру