«1С Қазақстан» Satbayev University зертханасы
«1С Қазақстан» зертханасы Satbayev University-де 2023 жылы Автоматика және ақпараттық технологиялар институты жанынан ашылды. Зертхана Қазақстан Республикасындағы 1С компаниясының ресми серіктесі болып табылады және студенттердің білім беру үдерісіне, ғылыми және тәжірибелік қызметіне цифрлық технологиялар мен 1С программалық шешімдерін енгізуге бағытталған жобаларды үйлестіретін құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейді.
Зертхананың негізгі мақсаты – студенттерге 1С өнімдер желісінің заманауи программалық шешімдерімен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламаларына 1С шешімдерін интеграциялау арқылы есепке алу, басқару және деректерді талдау бағыттарында сұранысқа ие мамандар даярлау.

Негізгі қызмет бағыттары:
· 1С: Бухгалтерия, 1С: ERP, 1С: Құжат айналымы және басқа да мамандандырылған шешімдер бойынша практикалық сабақтар, мастер-класстар және тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
- «Ақпараттық жүйелер», «Өндірістік процестерді автоматтандыру» бағыттары бойынша студенттерге арналған білім беру курстары мен тағылымдамаларға қатысу;
- бизнес-процестерді цифрландыру және кәсіпорындарды басқаруды автоматтандыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
- студенттердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мақсатында жұмыс берушілермен және IT-компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
- 1С платформасы негізінде университеттің білім беру және әкімшілік үдерістерін цифрлық трансформациялау шешімдерін әзірлеу және енгізу;
- студенттердің 1С-маманы атағына ресми сертификат алуына мүмкіндік беретін сертификациялық бағдарламаларды ұйымдастыру.
Зертхана студенттердің практикалық дайындығына ерекше назар аударады. Студенттер нақты бизнес-кейстерді шешуге, өндірістік және басқарушылық процестерді модельдеуге, 1С платформасында цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік алады, бұл өз кезегінде олардың табысты жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
«1С Қазақстан» жұмыс берушілермен, мемлекеттік құрылымдармен және IT-компаниялармен белсенді ынтымақтасып, студенттерге жобаларға қатысу, кәсіби конкурстарға және тағылымдамаларға қатысу мүмкіндігін ұсынады.
Байланыс ақпараты
Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының директоры:
Дайнеко Евгения Александровна
Email: itech@satbayev.university
401 ККЦ
ПИ кафедрасының м.а. меңгерушісі:
Утегенова Анар Урантаевна
Email: an.utegenova@satbayev.university
1021 ГУК
ПИ кафедрасының жетекші инженері:
Калиева Жансая Бағдатқызы
Email: z.kaliyeva@satbayev.university
Тел.: 8 747 287 59 03
1010в ГУК