AP23487678 «Қоршаған ортаның механикалық тербелістерінің электрлік сигналдарға кең жолақты, энергияны үнемдейтін және жинақы түрлендіргішін жасау»
Жоба өзектілігі
Қоршаған ортаның тербелістерін электрлік сигналға түрлендіретін құрылғының жаңа контсрукцияның жұмыс істеу аумағы кең жолақты болып табылады.
Жоба мақсаты
Жиілігі бойынша кеңжолақты және энергиялық тиімділік дәрежесі жоғары болатын, қоршаған ортаның механикалық тербелісін электрлік сигналға түрлендіретін түрлендіргішті әзірлеу
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Құрылғының негізгі приницпиалды және электрондық схемасы модельденді, сонымен қатар механикалық тербелістерді электрлік сигналға түрлендіруге арналған құрылғының 3D моделі жасалды. Құрылғының прототипі 3D принтер арқылы басылып шығарылды. Құрылғының шығыс сипаттамаларын алу мақсатында дайын үлгіге эксперименттік өлшемдер жүргізілді. Сонымен қатар, математикалық модель құрастырылды және осы модель арқылы сандық есептеулер жүргізілді. Сандық есептеу нәтижелері эксперименттік өлшемдерден алынған мәліметтермен салыстырылды. Теориялық және эксперименттік мәліметтер жақсы сәйкестігін көрсетті. Сондай-ақ, зерттеу барысында ұсынылған құрылғы кең жолақты, бірақ энергия тиімділігі төмен екендігі анықталды, энергия тиімділігіне катушкалар мен магниттердің параметрлері әсер етеді деген тұжырымдама келтірілді. Бұл параметрлер бойынша жұмыс келесі жылға жоспарланған. Алынған нәтижелер мақалаға жинақталып, отандық журналға жіберілді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Научный руководитель - Албанбай Нұртай