Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
24 маусым 19

AP23488914 «Табиғи және техногендік шикізаттардың құрамындағы өте майда түйіршікті алтындарды сандық тұрғыдан бағалау технологияларын жасау және олардың Қазақстан аймағынан табылуын болжау»

Жоба өзектілігі

Зерттеу нәтижелері мультипликативті әсерде болады. Құрамында алтыны бар минералды шикізатты кешенді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, құрамында алтыны бар өнімдерді өңдеудің ғылыми-техникалық және экологиялық проблемаларын шешеді.

Жоба мақсаты

Еліміздің алтын қорын, өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын құру және инвестициялар тарту мақсатында әр түрлі байырғы кен орындарының кендеріндегі, шашыранды құмдықтарындағы және оларды қайта өңдеу өнімдеріндегі майда түйіршікті алтындарды (МТА) зерделеу және сандық бағалау технологиясын (әдістер кешенін) әзірлеу болып табылады.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Зерттеу барысында әртүрлі типтегі байырғы кен орындарындағы, сондай-ақ шашыранды құмдықтар мен оларды өңдеу өнімдеріндегі майда түйіршікті алтындардың (МТА) таралуы туралы мәліметтер зерделенеді. Зерттеу жұмыстары МТА қасиеттерін зерттеуді ғана емес, сонымен қатар оның алу әдістерін де қамтиды. Бұл технологияны әзірлеу нәтижесінде майда түйіршікті алтынның физика-химиялық ерекшеліктері туралы жаңа білімдер алынады, бұл өз кезегінде оны алу мен өңдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кендердегі, шашыранды құмдықтардағы және байыту өнімдеріндегі МТА-ды нақты анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық зерттеулер жүргізу үшін техникалық тапсырмалар әзірленетін болады. Қазақстан Республикасының аумағында МТА-дары бар кен орындарын анықтауға бағытталған болжамды бағалаулар жүргізіліп, геологиялық барлау жұмыстарының жоспары әзірленеді. Осы деректер негізінде алтынды кенорындары мен шашыранды құмдықтарда МТА-ды табу перспективалары туралы нақты болжамдар жасалады, оларды тиімді пайдалану жолдары айқындалады.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Ғылыми жетекшісі Шаутенов Мэлс Рахимович

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту