Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
24 маусым 16

AP23489285 «Cтугегі сынғыштығы және гелий ісіну нәтижесінде екі фазалы литий керамикасының бұзылу процестерін зерттеу»

Жоба өзектілігі

Жобаның өзектілігі болашақ ядролық энергетикалық қондырғыларға арналған радиацияға төзімді материалдарды әзірлеу қажеттілігімен байланысты, бұл ретте литийқұрамды керамикалар тритий өндіруге арналған болашағы бар мишеньдік материалдар ретінде қарастырылады. LiAlO₂ – Li₂ZrO₃ керамикаларындағы сутекпен қанығу және гелийлік ісіну процестерін зерттеу материалдардың қарқынды радиациялық әсер жағдайындағы бұзылу механизмдерін терең түсінуге мүмкіндік береді, бұл олардың пайдалану сипаттамаларын және ұзақ мерзімділігін арттыру үшін аса маңызды.

Жоба мақсаты

литийқұрамды екі фазалы LiAlO2 – Li2ZrO3 керамикаларындағы сутектену және гелиймен ісіну процестерін зерттеу

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Алынған нәтижелер мен жаңашылдығы: механохимиялық қатты фазалы синтез әдісімен LiAlO2 – Li2ZrO3 керамикаларының үлгілері алынып, олардың құрамындағы компоненттер қатынасының өзгеруі құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты беріктік және жылуфизикалық параметрлерінің өзгеруіне ықпал етеді. LiAlO2 құрамының артуы арқылы компоненттер арақатынасының өзгеруі жылуөткізгіштікті арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды, бұл өзгеріс литий цирконатына қарағанда жоғары жылуөткізгіштік көрсеткіштері бар LiAlO2 жылуфизикалық параметрлерімен түсіндіріледі. Пористіліктің өзгеруінің компоненттер концентрациясына тәуелділігі анықталып, оның беріктік параметрлеріне тікелей әсер ететіні анықталды. Жобаның ғылыми жаңашылдығы – литийқұрамды LiAlO2 – Li2ZrO3 керамикаларының сутектену және гелиймен ісіну процестері туралы радиолиз өнімдері мен вакансиялық ақаулардың жиналуымен сипатталатын құрылымдық бұзылу процестері жөнінде жаңа деректер алуында.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Научный руководитель - Блынский Петр Александрович
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту