Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
24 маусым 45

AP23489765 «Құрамында күкірті бар жаңа улы емес реагенттер негізінде тотыққан кендерді байыту технологиясын жетілдіру»

Жоба өзектілігі

Экологиялық қауіпсіз реагенттерді қолдана отырып, байытылуы қиын полиметалл кендерін қайта өңдеудің ұсынылып отырған технологиясы минералдық шикізатты ұтымды пайдалануға, Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпорындар персоналының біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба мақсаты

Экологиялық қауіпсіз реагенттерді қолдана отырып, қиын байытылатын полиметалл шикізатын өңдеу технологиясын әзірлеу. Экологиялық қауіпсіз реагенттерді пайдалана отырып ұсынылатын технология құрамында асыл және сирек металдар бар қиын байытылатын полиметалл шикізатын флотациялық байытудың технологиялық көрсеткіштерін 3-5% - ға жақсартуға, ұсынылатын реагенттер шығынын 10-20% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Алғаш рет полиметалл шикізатын тиімді өңдеу үшін сульфидизатор ретінде құрамында күкірті бар экологиялық қауіпсіз реагенттер қолданылатын болады. Құрамында күкірт бар реагенттер ретінде техникалық күкірт пен осы металл оксидтері негізінде алынған сілтілі және сілтілі жер металдарының полисульфидтері қолданылатын болады. Бұл улы натрий сульфидін ауыстыруға мүмкіндік беріп, түсті металдарды алу көрсеткіштерін бір мезгілде жақсартуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері ұсынылған реагенттердің флотацияның жоғары селективтілігін қамтамасыз етіп, пайдалы компоненттердің шығымын едәуір арттыратынын көрсетеді, бұл полиметалл шикізатын өңдеуде жаңа мүмкіндіктер ашады.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Ғылыми жетекшісі Мамбеталиева Алима Рахматуллаевна

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту