AP23489830 «Көшкіндерді бақылау және бағалау үшін қашықтықтан зондтау және машиналық оқытудың интеграцияланған технологияларын әзірлеу»
Жоба өзектілігі
Көп өлшемді деректер мен машинамен оқыту алгоритмдерін қолдану болжамның дәлдігін арттыруға және қауіп-қатерді бағалауда қателіктердің ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл әдістер қауіпті аймақтарды тиімдірек басқаруға және көшкіндерден келетін ықтимал шығындарды азайтуға көмектеседі.
Жоба мақсаты
Жұмыстың негізгі мақсаты — көшкін қауіптерін жақсартылған мониторингілеу мен бағалау үшін Жерді қашықтан зондтау (ҚЗЖ) және машинамен оқыту интеграцияланған технологияларын әзірлеу және енгізу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Бірінші жыл ішінде архивтік топографиялық, ғарыштық деректер, гидрогеологиялық және метеорологиялық мәліметтер жиналып, деректер базасының құрылымы қалыптастырылды және деформация аймақтарының алдын ала жіктелуі жүргізілді. Көшкін белсенділігі ықтималдығы бар аймақтар бөлінді. Нөлдік сериялы ЖНСЖ өлшеулері, сондай-ақ алғашқы суреттер сериясының интерферометриялық өңдеуі жүргізілді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер
Ғылыми жетекшісі Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна