Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
24 маусым 56

AP23490423 «Жер асты СО2 сақтауға арналған сулы горизонттардың геологиялық түзілімдерін анықтау мақсатында Іле шөгінді бассейнін кешенді зерттеу»

Жоба өзектілігі

Алматы қаласы мен Алматы облысында көмірқышқыл газының (СО2) шығарындыларын азайту көміртегі бейтарап энергия көздерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығына әсерін ескере отырып маңызды болып табылады. Қазақстанда электр энергиясын өндірудің 70%-дан астамы көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының көмегімен жүзеге асырылады, бұл жалпы шығарындыларға және ауаның ластануына айтарлықтай үлес қосады. Бұл өз кезегінде тұрғындар арасында респираторлық аурулардың көбеюіне алып келеді.

Жоба мақсаты

Жобаның мақсаты – өнеркәсіптік объектілер (зауыттар, фабрикалар, жылу электр станциялары және т.б.) шығаратын СО2-ны техникалық мүмкін және экономикалық тұрғыдан тиімді геологиялық сақтау үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының (Іле шөгінді бассейні) сулы горизонттарын анықтау және бағалау.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер

Сулы горизонттарда СО2 сақтау үшін 10 негізгі критерий әзірленді. Бұл критерийлерге кеуектіліктің (кемінде 10-20%), өткізгіштіктің (коллектор үшін 100-ден 1000 мД-ге дейін және шинаның өткізгіштігі 1 мД-ден кем болуы тиіс) және суөткізгіштігі төмен құрылымдық немесе стратиграфиялық тұзақтардың болуы қажет. Сонымен қатар, сақтау тереңдігі 800 метрден кем болмауы керек, бұл ағып кету қаупін азайтады, ал коллектордың минималды қалыңдығы 10-15 метр болуы тиіс, бұл жеткілікті сақтау сыйымдылығын қамтамасыз етеді. Осы деректер Алматы қаласы мен Алматы облысында СО2 қауіпсіз және тиімді сақталатын аймақтарды анықтауға көмектеседі, нәтижесінде көмірқышқыл газының шығарындылары едәуір азайып, экологиялық жағдай жақсарады.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болса) және сәйкес профильдерге сілтемелер

Ғылыми жетекшісі Истекова Сара Аманжоловна

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту