Бейсембаев Акамбай Ағыбайұлы

Бейсембаев Акамбай Ағыбайұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Қауымдастырылған профессор

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

Email: akambay.beisembayev@satbayev.111

H-index:
1

Докторанттардың саны:
2

Кәсіби өмірбаяны

Институтты бітіргенсон, 1983 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (ҚазПТИ) Автоматика және телемеханика (АТМ) кафедрасының ҒЗБ инженер қызметіне алынған. 1986 жылы АТМ кафедрасының ҒЗБ аға инженер қызметіне ауыстырылған.

1986 жылы В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ аспирантурасына қабылданған. 1989 жылы В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ аспирантурасын бітіріп осы кафедрасының ассистенті ретінде қалтырылған. Олан кейін осы кафедрасының оқытушысы кызметіне ауыстырылған.

1991 жылы Қазақ КСР Ғылыми академиясында жанадан құрылған Ақапараттану және басқару мәселері институтына ғылыми қызметкер ретінде қабылданған. 1993 жылы айтылған институтының аға ғылыми қызметкер болған.

1996 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне (ҚазҰТУ) АТМ кафедрасының аға оқытушы қызметіне ауысқан. 1997 жылы «Түрлі-түсті металлургиядағы роботтыавтоматтандырылған жүйелерді құрастыру модельдерімен алгоритмдерін өндеу» техника ғылымдарының кандидат болуына арналған диссертациясн қорғаған.

1998 жылдан 2000 жылына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ академиясында Автоматика және радиоэлектронды техника кафедрасының бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2000 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ АТМжРЖ кафедрасының доценті қызметіне ауысқан. 2004 жылы доцент атағы берілген. 2003-2004 жылдары Автоматика және басқару жүйелері институтының директор орынбасары. 2005 – 2006 жылдары Ақапараттану және Ақпараттық технологиялар институтының директор орынбасары. 2008 – 2011 жылдары Автоматика және телекоммуникациялар институтының директоры.

2011 жылдың қырқүйек айынаң Автоматтандыру және басқару кафедрасының доценті. 2016 жылдың тамыз айынаң бастап Автоматтандыру және басқару кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Білімі

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына 1978 жылы түсіп, 1983 жылы бітіріп, «Автоматика және телемеханика» маманыдығы бойынша инженер – электрик квалификациясын алған.

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Автоматика және телемеханика» кафедрасының маныңда күндізгі аспирантурасында 1986 жылынаң, 1989 жылына дейін оқыған. «Разработка моделей и алгоритмов построения роботоавтоматизированных систем одного класса технологических процессов» тақырыбына жазылған кандидаттық диссертациясын 051301 – Техникалық жүйелердегі басқару мамандығы бойынша 1997 жылы қорғаған.

Ақапаратандыру, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілген.

Ғылыми жобалар

R – фукцияларын қолданып манипуляторлы роботтың программалық траекторияларының модельдерін және алгоритмдерін жасау және зерттеу.

R – фукциялар математикалық аппаратын қолданып манипуляторлы роботтың жұмыс кеңістіктері жазылады. Табылған жазулар нәтижесінде кері кинематика есептерін шығару алгоритмдері жасалынады. Табылған жалпыланған координаттар мәндеріне сүйеніп роботтың әрі бір қимыл дәрежесі бойынша программалық траекториялар құрастырылады. Одан кейін, роботтың қимыл дәрежелері бойынша жылдамдықтарды және үдейлерді ескеріп, роботтың қимыл дәрежелері бойынша программалық траекториялар бір бірімен ұйқастырады. Табылған жалпыланған координаттар мәндері Лагранж полиномдарымен аппроксимацияланады. Енді полиномдардың туындыларын тауып, роботтың қимыл дәрежелерің өзгері жылдамдықтарының басқару заңдары табылады. Осылайша манипуляторлы роботтың программалық траекториялары құрастырылады.

Айтылған зерттеулер докторант Ербосынова А.С. қосылып, бірге іске асырылып жатыр.

Жарияланымдар

1. Байбатшаев М.Ш., Бейсембаев А.А., Коломийцев А.В., Конысбеков М.К., Рыжов В.Г. Устройство для переброса струи металла в изложницы на литейном конвейере. А.с. №1404172, B22D35/00, 22.08.88.

2. Бейсембаев А.А., Акышева Г.К., Омирбекова Ж.Ж., Бүрлибай А.Ә. Устройство для измерения температуры движущихся изложниц литейного конвейера производства товарного магния. Вестник КазНТУ им. К.И. Сатпаева, №2(90) Алматы, 2012. с.216-220.

3. Бейсембаев А.А., Әсембай А.  Формализованное описание и алгоритм выбора модели промышленного робота при построении роботизированного технологического комплекса. Вестник КазНИТУ. №2(114) 2016. с. 366-374.  

4. Бейсембаев А.А., Әсембай А. Формализованное описание и алгоритм построения компоновочной схемы роботизированного технологического комплекса. Вестник КазНИТУ. №3(121) 2017. с. 557-563.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл

Докторанттардың әлеуетті зерттеу жұмыстары

Түрлі түсті металлургия өндірісіндегі технологиялық процестерді роботтандыру. Ғылыми зерттеу жұмыстарда қорғасын, мырыш және магний өндірістерде өткізілді. Оның ішінде балқытылған магнийдың ағынығ бір қалптан екінші қалыпқа ауыстыру, балқытылған қорғасын, мырыш және магний қалыпқа куйылған жағдайда бетінең тотықты жинау. Ося процестерді страттар түрінде жазу мәселері қарастырылған.

Өндіріс роботтың моделін таңдай алгоритмдерін және математикалық модельдерін жасау жұмыстары өткізілген. Мұндағы негізігі таңдау өндіріс роботтарды жұмыс кеңістіктер бойынша өткізіледі. Өндіріс роботтардың жұмыс кеңістіктерін логикалық теңдеу ретінде жазылуы ұсынған.

Роботты технологиялық кешендердін құрылым схемаларын құрастыру алгоритмдерін және математикалық модельдерін жасау мәселері қарастырылған. Роботты технологиялық кешеннің элементтерін тік бұрышты цилиндрлермен және тік бұрышты призмалармен апроксимацияларды өткізіп есепті шығарады.

Манипуляторлы роботтардың қимыл дәрежелер бойынша программалы траекторияларын құрастыру алгоритмдерін және математикалық модельедрін жасау жұмыстары өткізілген. Мұндағы есепті шығару барысында логикалы функциялар кең ұолданылады.

Манипуляторлы роботтардың жұмыс кеңістіктерін логикалы функциялар қолданып жазу алгоритмдерін және математикалық модельдерін жасау мәселері қарастырлды. Мұндағы жасалған алгоритмдер қөп қимыл дәрежесі бар манпуляторлы роботтар қарастырылады.