Измамбетов Мырзабай Базарбайұлы

Измамбетов Мырзабай Базарбайұлы

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Қауымдастырылған профессор

Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты

«Инженерлік механика» кафедрасы

Email: m.izmambetov@satbayev.111

H-index:
4

Кәсіби өмірбаяны

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазМУ) Механика және қолданбалы математика факультетінің «Қолданбалы механика» кафедрасының түлегі.

1985-1991 жылдар аралығында Робототехника бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталығында инженер, ІІ категориялы инженер болып жұмыс істеді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1991-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Механика және машинатану институтының машинатану бөлімінің ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болды.

2002-2014 жылдары Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің менеджері, ақпараттық-талдау секторының меңгерушісі, Мехатроника және робототехника ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, Энергетика және мұнай-газ инженериясы факультетінің «Инженерлік физика» кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.

2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев университетінің "Инженерлік механика және модельдеу" кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессоры.

Білімі

Жоғары.

1979-1985 - С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің «Механика және қолданбалы математика» кафедрасының түлегі , «Механика» мамандығы.

1985-1991 жылдары-республикалық робототехника ғылыми-әдістемелік орталығының инженері, ҚазМУ Қолданбалы механика кафедрасының аспиранты.

1991 жылдан 2002 жылға дейін ҚР Ұлттық Ғылым академиясының механика және машинатану институтының машинатану бөлімінің ҒЖ, ҰШЖ.

Ғылыми дәрежесі.

Техника ғылымдарының кандидаты, 05.02.18 - «Механизмдер мен машиналар теориясы» мамандығы бойынша

Ғылыми атағы.

Доцент, 05.02.00 - «Машинажасау және машинатану» мамандығы бойынша.

Ғылыми жобалар

Ғылыми қызығушылықтары мен жұмыстары параллель топологиялы манипуляциялық құрылғылардың атқарушы механизмдерін жасаумен байланысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын біршама жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысты:

- ҚР БҒМ 2009-2011 жылдарға арналған іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша «Цилиндрлік кинематикалық жұптары бар параллельді манипуляторлардың қозғалысын бақылаудың, синтездеудің және басқарудың сандық әдістерін жасау», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша.

- «Бір және көптеген жұмыс органдары бар параллель құрылымды манипуляциялық роботтарды жасау». «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулер» басым бағыты үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012-2014 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша, тіркеу нөмірі № 0112РК02278.

- Қазіргі уақытта «Машиналар мен манипуляторлардың атқарушы механизмдерін құрылымдық-параметрлік синтездеу» ғылыми жобасының орындаушысы. 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы, ИТН «AR05135493».

WOS және Scopus құрамына кіретін басылымдарда 10-нан астам ғылыми жарияланым. 2 авторлық куәлік және өнертабысқа ҚР 8 патентінің бірлескен авторы. Scopus бойынша H-index-3.

Жарияланымдар

Таңдаулы жарияланымдары

1. Baigunchekov, Z., Laribi, M.A., Izmambetov, M., Zhumasheva, Z., Kaiyrov, R. (2020) The First Type of Singularity of a 3-PRRS Parallel Manipulator. Book «Mechanisms and Machine Science». Publisher: Springer. Nature. Volume 84, p. 356-363.

2. Zh. Baigunchekov, S. Ibrayev, M. Izmambetov (2019). Synthesis of Cartesian manipulator of a class RoboMech. Book «Mechanisms and Machine Science». Publisher: Springer. Nature. Volume 66, p. 66-76.

3. Zh. Baigunchekov, S. Ibrayev, M. Izmambetov (2018). Synthesis of reconfigurable positioning parallel manipulator of a class RoboMech. Proceedings of the 4th IEEE/IFToMM International conference on Reconfigurable Mechanisms and Robots (ReMAR 2018), June 20-22, 2018, Delft University of Technology, The Netherlands. №CFP1843G-ART; Code 139094.

4. Zh. Baigunchekov, M. Izmambetov, M. Utenov (2017). Inverse Kinematics of Six - DOF Three – Limbed Parallel Manipulator. Book"Advances in Robot Design and Intelligent Control"/ Series: "Advances in Intelligent Systems and Computing-AiSC". Publisher: Springer. Nature. Volume 540, p. 171-178.

5. Zh. Baigunchekov, M. Utenov, M. Izmambetov, B. Naurushev (2017). Synthesis of the Intellectual Parallel Manipulator with Two Degrees of Freedom. DEStech Transactions on Engineering and Technology Research, 2017, volume 162, p. 361-365.

6. Zh. Baigunchekov, S. Ibrayev, M. Izmambetov, T. Baigunchekov, B. Naurushev (2016). Parallel Manipulator of a Class RoboMech. Lecture Notes in Electrical Engineering. Publisher: Springer Singapore. Volume 408, p. 547-557.

7. Zh. Baigunchekov, M. Izmambetov and etc. (2013). Kinematics of a Spatial RCCC Parallel Manipulator. // Proc. of the World Congress on Engineering, 3-5 July, 2013, London, UK. //Journal: Lecture Notes in Engineering and Computer Science. Publisher: Newswood and International Association of Engineers. Hong Kong, -2013. Vol. III, p. 2146-2150.

8. M. Izmambetov, Zh. Baigunchekov (2012). Singularity Analysis of a Parallel Manipulator with Cylindrical Joints. // Proc. of the World Congress on Engineering, 4–6 July, 2012, London, UK.//Journal: Lecture Notes in Engineering and Computer Science. Publisher: Newswood and International Association of Engineers. Hong Kong, 2012. Vol. II,p. 1733-1737.

9. M. Izmambetov, Zh. Baigunchekov (2010). The Second Type of Singularity Analysis of the New Parallel Manipulator with 6 Degree-of-Freedom. The 18th CISM-IFToMM Symposium on Robot Design, Dynamics, and Control, July 5-8, 2010, Udine, Italy. // In the book “Robot Design, Dynamics and Control”, Series: CISM Courses and Lectures, Springer Wien, New York, 2010, Vol. 524, p. 481-488.

10. M. Izmambetov, Zh. Baigunchekov (2010). Singularity Analysis of the New Parallel Manipulator with 6 Degree-of-Freedom. // Proc. of the World Congress on Engineering, 30 June – 2 July, 2010, London, UK. // IAENG Journal: Lecture Notes in Engineering and Computer Science, Hong Kong, 2010, Vol.2184, Issue 1, p.1472-1477.

11. Измамбетов М.Б.,Байгунчеков Ж.Ж.,Наурушев Б.К. Дүйсенбек Ә.Н. (2019). Исполнительный механизм робота с двумя схватами. Патент на полезную модель №4389. НИИС РК. Бюллетень №44 – 01.11.2019

12. Байгунчеков Ж.Ж., Измамбетов М.Б., Наурушев Б.К. (2018). Монография «Синтез и анализ плоских исполнительных механизмов манипуляционных роботов параллельной структуры с двумя рабочими органами», 215 стр., 2018, Алматы.

Мақаланың аты Журнал аты Бағыт Жыл