Студенттік клубтар
Safebyte студенттік клубы
SafeByte – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған клуб. Ол цифрлық дәуірде ақпаратты қорғаудың озық әдістерін үйренуге және қолдануға дайын студенттер мен мамандарды біріктіреді.
SafeByte миссиясы
- Цифрлық қауіпсіздікті дамыту – қатысушыларда ақпаратты қорғау, кибергигиена және қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
- Оқыту және ағарту – осалдықтарды талдау, penetration testing жүргізу және IT-инфрақұрылымды қорғау үшін білім мен құралдарды ұсыну.
- Инновациялық шешімдер жасау – тез өзгеріп жатқан цифрлық орта жағдайында киберқорғаныстың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеу.
- Этика мен жауапкершілікті ілгерілету – киберқауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыру, құқықтық және моральдық қағидаттарға адал болу.
- Кәсіби байланыстарды дамыту – IT-компаниялармен ынтымақтастық, конференцияларға, хакатондарға және университетаралық жарыстарға қатысу.
SafeByte клубына мүшелік
SafeByte клубы киберқауіпсіздікке қызығатын, ақпаратты қорғаудың заманауи әдістерін меңгергісі келетін және инновациялық шешімдерді әзірлеуге қатысқысы келетін барлық курс студенттері үшін ашық.
SafeByte клубына мүшеліктің артықшылықтары:
- Эксклюзивті дәрістер мен практикалық сабақтарға қолжетімділік
- Киберқауіпсіздік бойынша хакатондарға, конкурстарға және жобаларға қатысу.
- Жетекші IT-компанияларда стажировка және нетворкинг.
- Нақты жағдайларда жеке және кәсіби дағдыларды дамыту.
- Үздік қатысушыларға сертификаттар мен ұсынымдар.
SafeByte-қа қосылыңыз және цифрлық із қалдыратын команданың бір бөлігі болыңыз!
Таным студенттік клубы
Таным — бұл «құыс кеуделікпен» (рухани жұтаңдықпен) ағартушылық жолында күресетін энтузиаст жастардың басын қосатын еріктілер ұйымы. Біздің басты құралымыз — әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар мен танымал ғалымдардың ғибратты өмір жолын зерттеу және насихаттау.
Таным клубының миссиясы
- Рухани кемелдікті дамыту — қатысушылардың бойында интеллектуалдық мәдениетті қалыптастыру, «құыс кеуделікпен» (рухани жұтаңдықпен) күресу және білімге деген құштарлықты ояту.
- Оқыту және ағарту — әлемдік және отандық ғалымдардың өмірбаянын талдау арқылы тұлғалық даму құралдарын ұсыну, тарихи тұлғалардың жетістік жолдарын зерттеу.
- Инновациялық ойлауды қалыптастыру — өткен күннің тәжірибесін бүгінгі заманның сұраныстарына бейімдеп, жаңа идеялар мен білім беру жобаларын жүзеге асыру.
- Этика мен жауапкершілікті насихаттау — ғылыми әдепті сақтау, зияткерлік меншікті құрметтеу және қоғам алдындағы ағартушылық жауапкершілікті сезіну.
- Кәсіби және ғылыми байланыстарды орнату — зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен кездесулер ұйымдастыру, вебинарлар мен университет аралық пікірсайыстар өткізу.
Таным клубына мүшелік
Клуб есігі барлық курс студенттері мен ғылымға, тұлғалық дамуға қызығатын, уақытын бос өткізуден қашатын және қоғамға пайдалы білім таратқысы келетін әрбір жан үшін ашық.
Таным клубына мүше болудың артықшылықтары:
- Эксклюзивті дәрістер мен тұлғалық өсу бойынша практикалық тренингтерге қол жеткізу.
- Ғылыми конференцияларға, семинарлар мен жобаларға қатысу мүмкіндігі.
- Еліміздің жетекші ғалымдарымен/IT-сарапшыларымен және зиялы қауым өкілдерімен нетворкинг орнату..
- Шынайы өмірде ІТ өнері мен көшбасшылық дағдыларды шыңдау.
- Ең белсенді қатысушылар үшін арнайы сертификаттар мен ұсыныс хаттар беру
Таным клубына қосылыңыз және сананы ақпараттық шабуылдардан қорғайтын рухани команданың бір бөлшегі болыңыз!