Коммерцияландыру және келісімшарттарды зерттеу басқармасы
Сәтбаев Университеті оқу орнының инновациялық кластері негізінде технологиялық кәсіпкерлікке белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр. Университетте жобаларды коммерциялау жүйесі қалыптасқан.
Бөлім университет технологияларын трансферттеуді жеңілдетеді, университет ғалымдарының бастамаларын қолдайды, сондай-ақ резидент-стартаптарға тәлімгерлік және сараптама қызметтерін ұсынады. Осылайша Бөлім Сәтбаев Университетін инновациялар орталығына айналдыруға ықпал ете отырып, кәсіпкерлік ойлаудың дамуына, университеттің кәсіпкерлік моделін жүзеге асыруға үлес қосады.
Кеңсе ұсынатын негізгі қызметтер:
- Университеттің студенттері мен қызметкерлеріне ақпараттық қолдау көрсету;
- Лицензиялық келісімдер жасау.
Зияткерлік меншік және жариялау қызметін дамыту бөлімі
Университет дамуының негізгі бір мақсаты – жариялау белсенділігінің сапасын арттыру және Университет қызметкерлерінің ғылыми еңбектерінің дәйексөзге ілігуі, әлемдік ғылыми қоғамдастықтардағы университеттің танымалдылығын арттыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Университетте Зияткерлік меншік және жариялау белсенділігін дамыту бөлімі қызмет етеді.
Зияткерлік меншік және жариялау белсенділігін дамыту бөлімінің басты міндеттері:
- ҚазҰТЗУ жариялау белсенділігін ұйымдастыру және бақылау, Университет қызметкерлерінің жарияланымдық белсенділігін дамыту;
- Университеттің әлемдік рейтингтерде позицияларын күшейтуге септігін тигізу;
- «ҚазҰТЗУ/SU Хабаршысы» ғылыми журналдың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, Университеттің ғылыми журналын халықаралық деректер базасына ендіру;
- Университеттің қорғауға қабілетті ғылыми-техникалық зерттемелерін іздеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, зияткерлік меншік объектілерін қорғау.
Толығырақ 8 (727) 292 6346 телефоны бойынша анықтай аласыз.