Аблесенова Зухра Нигметжанқызы докторлық диссертацияның алдын ала қорғауы туралы хабарландыру
2026 жылғы 06 мамыр сағат 11:00-де Бас оқу корпусының 520-аудиториясында «Геофизика және сейсмология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста «8D07104 – Мұнай-газ және кен геофизикасы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан докторанты Аблесенова Зухра Нигметжанқызы докторлық диссертациясын алдын ала тыңдалады.
Диссертация тақырыбы:
«Ақмая-Қатпар кенді аймағындағы сирек металды кен орындарының қалыптасуының геологиялық-геофизикалық ерекшеліктері және оларды болжау критерийлері»
Ғылыми кеңесшілер:
Отандық ғылыми кеңесші:
Исаева Людмила Джандуйсеновна– геология-минералогия ғылымдарының докторы, «Геофизика және сейсмология» кафедрасының профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Петрова Лариса Вениаминовна – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Мұнай және газ институты (Октябрьский қ., Ресей Федерациясы).
Рецензенттер:
Шарапатов Абиш – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Геофизика және сейсмология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Шабалина Людмила Владимировна - геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Аға ғылыми қызметкер, ЖШС жоғары технологиялар институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.