7 наурыз
1317
АНА СӨЗІ ЖАДЫМДА
Сырттай қарағанда қатал көрінетін, ал жан сарайына үңілсең мүлде қарапайым адамдар тілдесе келе рухы күшті, қазыналы жан екендігін аңғаратын кездер болады. "Дос-Мұқасан" ансамбілінің жетекшісі, композитор Досым Қасымұлы Сүлеев бір көргенде маған осындай әсер қалдырды. Бүгінде халық арасында "қазақ эстрадасының аңызы" аталып кеткен ансамбльдің негізін қалаушы, академик, сазгер Досым Сүлеев мерейлі жетпіс жасқа толып отыр. Музыкадан бөлек, ғылымды өміріне серік етіп, бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі салада да биік белестерді бағындырған тұлғадан осылардың сырын тарқатуын сұраған едік...
г.Алматы, 03.03.2017, qazaqadebieti.kz