Асылбекова Ляида Рамазанқызының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2025 жылдың 09 маусымында сағат 15:00-де МЖИ 202 аудиториясында 8D07105 – «Биомедициналық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Асылбекова Ляида Рамазанқызының докторлық диссертациясын алдын ала тыңдау үшін "Роботтытехника және автоматиканың техникалық құралдар" кафедрасының кеңейтілген отырысы өткізіледі.
Тақырыбы: Медицинада жергілікті әсер ету үшін Пельтье элементі негізінде термоэлектрлік салқындату құрылғыларын жасау.
Отандық ғылыми кеңесшісі
Алдияров Нахыпбек Уалиевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты және қауымдастырылған профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі
Евдулов Олег Викторович – Дагестан мемлекеттік техникалық университетінің техника ғылымдарының докторы, доцент (Махачкала қаласы, Ресей Федерациясы).
Рецензенттер:
1. Бактыбаев Мурат Kыргызбаевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты және қауымдастырылған профессоры.
2. Алимбаева Жадыра Нурдаулетовна – Академик У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы.