Аубакирова Назира Курмангажыкызының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2025 жылдың 30 қазанында сағат 14:40-да ТКМҒ 271 аудиториясында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Машина жасау» кафедраларының кеңейтілген отырысы өтеді, онда (PhD) докторанты Аубакирова Назира Курмангажыкызының докторлық диссертациясы алдын ала тыңдалады.
Тақырыбы: «Машина жасау мен энергетика саласында композиттік материалдарды пайдаланатын технологиялық машиналардың энергетикалық-қуаттық параметрлерін оңтайландыру әдістерін зерттеу және әзірлеу»
Отандық ғылыми кеңесшілер:
Елемесов Касым Коптлеуович – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Энергетика және машина жасау институтының директоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Лахно Владимир Анатольевич - техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық биоресурстар және табиғатты пайдалану университеті (Украина, Киев).
Рецензенттер:
1. Әбілхайыр Жасталап Наурызғали – PhD докторы, Энергетика және машина жасау институты директорының орынбасары, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
2. Утегенова Әсем Ержанқызы– PhD докторы, Технологиялық машиналар және жабдықтар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
Диссертацияны алдын ала қорғау 2025 жылдың 30 қазанында сағат 14:40-да өтеді: Алматы қ., Сәтбаева к., 22, «К.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ, ТКМҒ «Porsche Learning Centre», 271 аудитория.