Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
24.04.2026 48

Дүйсенбек Ә. Н. және Серік Н. Ғ. докторлық диссертацияларын алдын ала қорғау туралы хабарландыру

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық Университетінде, О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтында, «Материалтану, Нанотехнология және Инженерлік Физика» кафедрасында докторлық диссертациялар бойынша семинар өткізіледі:

1) Дүйсенбек Әсел Нұрғалиқызының – «Электрохимиялық энергия көздерінде пайдалану үшін биомассадан алынған төмен өлшемді көміртекті синтездеу жəне қасиеттерін зерттеу», мамандығы 8D05301 – «Қолданбалы және инженерлік физика»

Ғылыми кеңесшілері:

Бейсенов Ренат Елемесұлы – PhD докторы, профессор, Қазақ-Британ техникалық университетінің химиялық инженерия мектебінің деканы, (Алматы, Қазақстан Республикасы).

Камар Аббас – техника ғылымдарының докторы, Қауымдастырылған профессор, Познань технологиялық университеті (Познань, Польша).

Рецензенттер:

1. Б. А. Байтимбетова – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, О. А. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.

2. А. Б. Лесбаев – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Ә. Бүркітбаев атындағы энергетика және машина жасау институты, жалпы физика кафедрасы, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.

2) Серік Нұржан Ғалымбекұлы – диссертация тақырыбы: «Екі өлшемді наномембраналар негізінде Жайрем кен орнындағы қайта өңделген суды сүзу және тұзсыздандырудың нанофизикалық технологиясын әзірлеу», мамандығы 6D072300 – «Техникалық физика».

Ғылыми кеңесшілері:

Алсар Жанна Төлегенқызы – PhD, Назарбаев Университетінің аға ғылыми қызметкері (Астана, Қазақстан Республикасы).

Инсепов Зинетулла Алпысұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, Пурдю университетінің доценті, Вест-Лафайетт, АҚШ.

Рецензенттер:

1. Азат Сейтхан – PhD докторы, профессор – Сәтбаев университетінің инженерлік зертханасының меңгерушісі (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ).

2. Асқарұлы Қыдыр – PhD докторы, Ә.Бүркітбаев атындағы жалпы физика кафедрасының оқытушысы, Сәтбаев университеті (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ).

Семинар 2025 жылғы 24 сәуірде сағат 14:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде, О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтында, «Материалтану, Нанотехнология және Инженерлік Физика» кафедрасында өтеді. Мекенжайы: Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22, 320 ГМК аудиториясы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту