Елімізде Халықаралық атом өнеркәсібі ғылыми-оқыту орталығы құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ арасындағы «Халықаралық атом өнеркәсібі ғылыми-оқыту орталығын» құру туралы келісімге қол қою рәсімі болып өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Оталықтың міндеті - Қазақстанның атом саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлау, соның ішінде шетелдік студенттерді оқыту. Оқу орны Қазатомөнеркәсіпке қажетті бағыттар бойынша әдістер мен технологияларды жетілдірумен, сондай-ақ атом ғылымы мен өндірісінің маңызды мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен шұғылданады.
Келісімнің шарттарына сәйкес, ҚазҰТЗУ магистранттары Қазатомөнеркәсіп бөлімшелерінде тәжірибеден өте алады. Сонымен қатар, компания университет студенттері мен қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері, курстық және дипломдық жобаларының үздік нәтижелерін өндіріске енгізуіне көмектесетін болады.
Пәндерді оқыту үшін Орталық жанынан ұлттық атом компаниясының ардагерлері мен қызметкерлерінен «Ақсақалдер кеңесі» құрметті профессорлар қауымдастығы құрылды. Оқыту бағдарламасы геология және уран кен орындарын барлау, сирек және сирек жер металдар металлургиясы, өндірістік процестерді автоматтандыру сияқты негізгі пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, пәндердің көп бөлігі ағылшын тілінде оқытылады.
«Халықаралық атом өнеркәсібі ғылыми-оқыту орталығы - жоғары білікті мамандар дайындаудың бірегей алаңы. Ғылым мен өндірістегі кәсіпқой кадрлардың бірлескен іс-қимылы атом саласының одан әрі дамуына синергетикалық нәтиже береді», - деп атап көрсетті Искандер Бейсембетов.