Қалымбет Арайлым Қайролдақызының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2026 жылғы 24 сәуірде сағат 14:00-де Тау-кен металлургия кешенінің 147 аудиториясында «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Онда 8D07109 – «Инновациялық технологиялар және жаңа бейорганикалық материалдар» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Қалымбет Арайлым Қайролдақызының докторлық диссертациясы алдын ала тыңдалады.
Диссертация тақырыбы:
«Отандық шикізаттан сорбциялық-сүзгілік материалдар алу технологиясын жасау және қасиеттерін зерттеу».
Ғылыми кеңесшілер:
1. Отандық ғылыми кеңесші:
Кубекова Шолпан Накишбековна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының меңгерушісі, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Алматы, Қазақстан Республикасы).
2. Шетелдік ғылыми кеңесші:
Сильвия Лаврова-Попова – PhD, «Қоршаған ортаны қорғау инженериясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Химиялық технологиялар және металлургия университеті (София, Болгария).
Диссертация ағылшын тілінде қорғалады.
Рецензенттер:
1) Кунарбекова Махаббат Сейт-Задаевна – PhD, «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының аға оқытушысы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Алматы, Қазақстан Республикасы).
2) Султанбаева Гита Шамильевна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Тыңайтқыштар және тұз химиясы» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, А.Б. Бектуров атындағы Химиялық технологиялар институты (Алматы, Қазақстан Республикасы).
Диссертацияны алдын ала қорғау 2026 жылдың 24 сәуірінде сағат 14:00-де келесі мекенжайда өтеді: Алматы, Сәтбаев көшесі, 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Тау-кен металлургия кешені, 147-бөлме.