Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жыл сайынғы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендияларға конкурс жариялайды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және ғылыми стипендиялар конкурсын жариялайды:
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ. И. Сәтбаев атындағы бір сыйақы;
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйақы;
- педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу және жұмысы үшін Ы. Алтынсарин бір сыйақы;
- түркология саласындағы үздік жетістігі үшін Күлтегін атындағы бір сыйақы;
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға Д. А. Қонаев атындағы бір сыйақы;
- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы бір сыйақы;
- 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50 – талантты жас ғалымдарға арналған.
Конкурсқа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттер көшiрмелерi, авторлық куәліктер, мемлекеттiк тiркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс;
2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 б. т.);
3) жұмыстың қысқаша мазмұндамасы аннотациясы;
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 01.10.2021 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші орган отырысының хаттамасынан үзiндi;
6) сыйлық алуға үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама;
7) сыйлық алуға үміткердің ұжым жұмыстары үшiн шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;
8) негізгі ғылыми жұмыстарының тiзiмi (5-тен аспауға тиiс);
9) конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама. Сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда осы баптың 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға ұсынып отырған үміткерге мынадай құжаттар ұсынылады:
1) тиісті ұйымның ілеспе хаты;
2) ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi;
3) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдау хаты (ұсынымы );
4) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама;
5) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспауы керек). Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі.
Негіздеме: 2011 жыл 19 шілде №830 «Ғылым саласындағы сыйлығы мен мемлекеттік ғылыми стипендиясы туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы.
Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша Ғылым департаментінің қызметкерлеріне хабарласуға болады, Мұнай ғимараты, 610 каб., ішкі.тел.7223.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі-2022 жылғы 30 Қыркүйек