Маулетбековой Бұлбұл Кусманқызының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2025 жылдың 21 ақпанында сағат 14:30-да ТКМҒ 271 аудиториясында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Машина жасау» кафедраларының кеңейтілген отырысы өтеді, онда (PhD) докторанты Маулетбекова Бұлбұл Құсманқызының докторлық диссертациясы алдын ала тыңдалады.
Тақырыбы: «Ыдыратқыш құрылғыларды қолдана отырып кәдеге жарату үшін технологиялық ұңғымалардың пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін фракциялау процесінің тиімділігін арттыру»
Отындық ғылыми кеңесшілер:
Жаутиков Бахыт Ахатович - т.ғ.д, профессор, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ ректоры, Теміртау қ.
Калиев Бакытжан Заутбекович - т.ғ.к., «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Зотов Василий Владимирович - т.ғ.к., «Тау-кен жабдықтары, көлік және машина жасау» кафедрасының меңгерушісі, ФМАЖ ББМ «Ұлттық технологиялық зерттеу университеті «МИСиС», (Мәскеу, РФ)
Рецензенттер:
Бортебаев Сайын Абильханович - т.ғ.к., «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ
Игбаева Акжаркын Есентаевна - PhD., «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының аға оқытушысы, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ
Диссертацияны алдын ала қорғау 2025 жылдың 21 ақпанында сағат 14:30-да өтеді: Алматы қ., Сәтбаева к., 22, «К.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ, ТКМҒ «Porsche Learning Centre», аудитория 271.