Момынов С. Б. докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (ҚазҰТЗУ) 6D72300 – Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін, докторант Момынов Сержан Бериковичтің «Центрлік емес тартылыс өрісіндегі жасанды серіктің қозғалысы» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауы өтеді.
Жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалған және мақалалар сериясы түрінде ұсынылған.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Байтимбетова Б.А. – Қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Қазақстан)
- Малков Е.А. –профессор, ф.-м,ғ.д. С.А. Христианович атындағы теоретикалық және қолданбалы механика институты (РФ)
Рецензенттер:
1. Бейсебаева А.С. -– Қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
2.Астемесова Қ.С. – PhD, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Диссертацияны алдын ала қорғау 2025 жылдың 12 қарашасында келесі мекен-жайда өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сатпаев көшесі 22, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, БОҒ ғимараты, 912 аудиторияда сағат 16.00 өтеді.
Онлайн форматта қатысуға арналған сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/9966876513?pwd=c3ZSOE9SRzMvYXg2c0RKWUMzZGwwQT09
Конференция идентификаторы: 996 687 6513
Код доступа: 853825