Нуракынов Серик Маратовичтің докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру ақпан 2025
2025 жылдың 18 ақпанында, сағат 10.00-да ГМК 264 аудиториясында «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында 6D071100 - «Геодезия» мамандығы бойынша PhD докторанты Нуракынов Серик Маратовичтің докторлық диссертациясы алдын ала тыңдалады. PhD докторлық диссертациясының тақырыбы: «Спутниктік технологияларды пайдалана отырып, тау криосферасының құрамдас бөліктерінің жағдайын бағалау».
Ғылыми кеңесшілері:
Байгурин Ж.Д.– техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Ding Xiao-li – PhD, Гонконг политехникалық университетінің геоматика кафедрасының профессоры.
Рецензенттер:
Нұрпейісова М.Б. – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры.
Рысбеков Қ.Б. – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры, Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институтының директоры.
Диссертацияның алдын ала қорғауы 2025 жылдың 18 ақпанында сағат 10.00-да келесі мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22В, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ГМК, 264 аудиториясы.