ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРЕТІН АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР
Бұл жобаның артықшылығы, елімізде онлайн білім беруді дамыту ісін қолға алмақ. Қор президенті Нұрбек Матжанидың пікіріне қарағанда, бүгінде интернет қолданушылары бес мыңнан астам түрлі онлайн курсты пайдалана алады. Олардың арасында ең танымалы Сoursera, EdX, Udacity сияқты оқыту алаңдары. Мұның көп бөлігі ағылшын тілінде.
«Қазақстанның ашық университеті дегеніміз не?» деген сауалға жоба авторлары, оның еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары оқытушыларының видео дәрістерін тегін тыңдатуға мүмкіндік беретін онлайн алаң болатынын айтады. Алғашқы кезекте, бұл жоба бойынша он курс іске қосылмақ. Сондай-ақ порталда осы курстарды дайындау барысында қолданылған мамандандырылған әдебиет ашық орналастырылады. Бұған қоса дәріс материалдарының сексен пайыздан астамы мемлекеттік тілде ұсынылады. Алдағы уақытта мамандандырылған курстардың саны артатын болады.
Тағы бір ерекшелігі, бұл жобаны жасаушылар қолданушыларға осындай алаңдарға арналған ең озық функциялар жиынтығын ұсынатын болады. Олар: интуитив интерфейс, ыңғайлы бейнеплейер, курс тыңдаушылардың жеке кабинеті, университеттер мен лекторлардың профайлы, тест тапсырмалары мен конспектілер.
Жоба жетекшілері мұның Гарвард университеті мен Массачусетс технология институтының тандемімен жасалған Open edX платформасы негізінде іске асырылғанын жеткізді.
«Қазақстанның ашық университеті» жобасына Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, ҚБТУ, Сүлейман Демирел атындағы университеті сияқты беделді жоғары оқу орындары мен Математика және математикалық модельдеу институты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты сияқты ғылыми-зерттеу институттары серіктес болып отыр.
«Қазақстанның ашық университеті» жобасына Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, ҚБТУ, Сүлейман Демирел атындағы университеті сияқты беделді жоғары оқу орындары мен Математика және математикалық модельдеу институты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты сияқты ғылыми-зерттеу институттары серіктес болып отыр...
Алматы қ, 26.11.2016, Айқын газеті, aikyn.kz/ru/articles/show/31468-onlain_b_l_m_beret_n_ashy_universitetter