Панова Еленаның докторлық диссертацияны алдын ала қорғау туралы хабарландыруы
2026 жылғы 1 сәуірде сағат 15:00-де БОҒ (Бас оқу ғимараты) 1011-аудиториясында «Химиялық және биохимиялық инженерия» (ХжБИ) кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді.
Күн тәртібінде Панова Елена Сергеевнаның 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандығы бойынша Ph.D. докторы дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының алдын ала қорғауы өткізіледі.
Диссертация тақырыбы: «Сулы-мұнай эмульсияларын бұзуға және қабат суларын қайта технологиялық пайдалануға дайындауға арналған композициялық реагенттерді әзірлеу және қолдану».
Ғылыми кеңесшілер:
1.Бойко Галина Ильясовна – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ»
2. Herve Muhr – PhD, профессор, Лотарингия университеті, Нанси қ., Франция.
Рецензенттер:
1. Наурызова Сауле Зинагиевна – Ph.D. докторы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ қауымдастырылған профессоры.
2. Ауезханова Асемгуль Сейтхановна – химия ғылымдарының кандидаты, «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ қауымдастырылған профессоры.