Рахимбекова Фарида Қуанышқызының докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2024 жылғы 16 қыркүйекте сағат 15:30-да 147 ТКМҒ дәрісханасында Рахимбекова Фарида Қуанышқызының докторлық диссертациясын алдын ала тыңдай отырып, «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өткізіледі.
Диссертация тақырыбы: «Арал өңірінің экологиялық факторларының онкологиялық аурулардың пайда болуына әсерін зерттеу»
Ғылыми кеңесшілер:
Анапияев Бақытжан Бейсенбекұлы, биология ғылымдарының докторы, «Химиялық және биохимиялық инженерия» кафедрасының профессоры, Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
Буздин Антон Александрович, биология ғылымдарының докторы, профессор, Сеченов атындағы университеттің Дербестендірілген онкология институтының бас ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей Федерациясы)
Рецензенттер:
Сарсембин Умбеталы Қуандыкұлы, PhD, «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының аға оқытушысы, Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
Канивец Илья Вячеславович, медицина ғылымдарының кандидаты, медициналық генетика кафедрасының доценті, Қосымша кәсіптік білім беру федералды мемлекеттік білім беру мекемесі Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясы, Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі, (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)
Диссертацияны алдын ала қорғау 2024 жылғы 16 қыркүйекте сағат 15:30-да Сәтпаев көшесі 22В, Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Тау-кен металлургия ғимараты, 147 дәрісхана мекенжайы бойынша өтеді.