Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
10 маусым 139

Сәтбаев университеті инвесторларды жатақхана құрылысына қатысуға шақырады (2025 ж.)

«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ (бұдан әрі - Университет) Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 122/Сәтбаев көшесі 22 мекенжайы бойынша кемінде 1000 төсек-орынға арналған жаңа жатақхана ғимаратының құрылысына қатысқысы келетін инвесторлардан коммерциялық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды.

Жоба «Қаржы орталығы» АҚ қатысуымен студенттік жатақханалар салу бөлігінде «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Қатысу шарттары:

  • Инвестор тарапынан жобаны 100% қаржыландыру.
  • Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 6 жыл ішінде 230 АЕК/к-орын бойынша құрылыс үшін мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы мөлшерін («Қаржы орталығы» АҚ-дан өтемақы алу).
  • Жатақхана құрылысы университетке жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінде оны инвестордың пайдасына иеліктен шығармай, үшінші тұлғаларға бермей, сондай-ақ қаржы институттарына кепіл ретінде қойылмай жүзеге асырылатын болады.
  • Енгізілген коммерциялық алаңдар, паркингтер және т.б. өтеуге жатпайды.
  • Алдын ала эскиздік жобаны ұсыну қажет
  • Іріктеу аяқталғаннан кейін әлеуетті инвестормен консорциалдық келісімге қол қойылады.
  • Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы «20» маусым айы.

Алдын ала эскиздік жобаны тыңдау және таныстыру келесі мекен-жайда өтеді: Алматы қ., Байтұрсынов/Сәтпаев к-сі 122/22, Мұнай корпусы, 3 қабат, № 316 конференц-зал. Күні порталда қосымша хабарланады.

Ала эскизді және ілеспе хатты жіберуге арналған электрондық пошта: a.ospanov@satbayev.university

Орындаушы Оспанов А. Б., тел: +7 702 550 7751.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту