29 қараша
84
Шанбаев Максат Жасыузаковичтің докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2024 жылдың 19 желтоқсанында, сағат 10.00-де ТКМ ғимараты 147 аудиториясында «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс барысында 6D060800 - «Экология» мамандығы бойынша PhD докторанты Шанбаев Максат Жасыузаковичтің докторлық диссертациясы алдын ала тыңдалады.
PhD докторлық диссертациясының тақырыбы: «Өндіріс қалдықтарын утилдеудің кешенді технологиясын жасау».
Ғылыми кеңесшілері:
- Тургумбаева Х.Х. – техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
- Dagnija Blumberga – техника ғылымдарының докторы, Энергетикалық жүйелер мен қоршаған орта институтының профессоры және директоры, Рига техникалық университеті (Рига қ., Латвия).
Рецензенттер:
- Тусупова Б.Х. - техника ғылымдарының кандидаты, «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының аға оқытушысы, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ.
- Сарсембин У.К. – PhD, «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының аға оқытушысы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.
Диссертацияның алдын ала қорғауы 2024 жылдың 19 желтоқсанында сағат 10.00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22В, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ТКМ институты, ТКМ ғимараты, 147 аудиториясы.