Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
12 маусым 87

"Шапағат" өнертапқыштық саласындағы республикалық байқауы

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі өнертапқыштық саласындағы жетістіктерге арналған Республикалық «Шапағат» байқауының басталғанын хабарлайды (бұдан әрі – «Шапағат» байқауы).

Байқаудың мақсаты – қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың озық жетістіктерін қолдау және ынталандыру.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Ең белсенді өнертапқыш», «Үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» (18–35 жас аралығындағы жас ғалымдар мен студенттерге арналған).

«Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел» және «Жас өнертапқыш» номинацияларына тек 2024 жылы Қазақстан Республикасы тарапынан берілген жарамды өнертабыс патенттерінің иелері қатыса алады.
          «Шапағат» байқауы аясында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру көзделген.

Аталған құрметті атақты беруге қатысты ұсынысты мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, өнертабыс (өнертабыстарды) өндіріске енгізген кәсіпорындар, мекемелер немесе ұйымдар бастама ете алады.

Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын келесі критерийлерге сүйене отырып береді:

- алынған және қолданылып жүрген өнертабыс патенттері мен авторлық куәліктердің жалпы саны;

- әртүрлі экономика салаларында кеңінен қолданылып жатқан маңызды өнертабыстарды енгізудің нәтижелері. Бұл өнертабыстардың жалпы экономикалық тиімділігі және әлеуметтік маңыздылығы (өнертабысты енгізу туралы актілер, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғалар мен ұйымдардың пікірлері);

- өнертапқыштық қызметпен айналысқан жалпы жұмыс өтілі;

- өнертабысты пайдалануға беру және (немесе) оны пайдалануға құқықты табыстау тіркелімдерінің саны.

Байқау жеңімпаздарын анықтауды мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың, инновациялық даму институттарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын Байқау комиссиясы жүзеге асырады.

Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі: әлеуметтік маңыздылық, экономикалық тиімділік, экологиялық қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік, өндірісте және коммерцияландыруда табысты қолдану.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, арнайы статуэткалармен және 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттармен марапатталады.

«Шапағат» байқауына қатысу және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру үшін өтінімдер мен ұсынымдар 2025 жылғы 9 маусым мен 15 қазан аралығында қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша Коммерцияландыру және келісімшарттық зерттеулер кеңсесіне хабарласыңыз: Мұнай ғимараты, 607 кабинет, 292-57-29, ішкі. 73-91

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту