Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
30 қазан 41

Яскевич Владимир Владимировичтің PhD докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы туралы хабарландыру

2025 жылғы 6 қараша күні, сағат 15:00-де, ИМС 503 аудиториясында «Архитектура» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтіп, 8D07302 – «Архитектура және қала құрылысы» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Яскевич Владимир Владимировичтің PhD докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өткізіледі.

PhD докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының архитектуралық-құрылыс саласында ғимараттардың ақпараттық үлгілеу (BIM) технологияларын енгізу парадигмасы».

Диссертациялық жұмыс 2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жас зерттеушілерге арналған гранттық қаржыландыру бағдарламасы аясында, IRN AP25794497 «Индустрия 4.0 технологияларын Қазақстандағы архитектуралық-құрылыс білім беру жүйесіне интеграциялау» жобасы бойынша орындалды.

Ғылыми жетекші: Куспангалиев Болат Урайханович – архитектура докторы, профессор, Халықаралық архитектура академиясының (МААМ) және Шығыс елдері Халықаралық архитектура академиясының (МААСВ) академигі, Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Т.К. Бәсенов атындағы Архитектура және құрылыс институтының директоры.

Шетелдік ғылыми жетекші: Лавиния Киара Тальябюэ (Lavinia Chiara Tagliabue) – философия докторы (PhD), Италия, Турин университетінің Архитектура және дизайн кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Рецензенттер: Мауленова Г.Д. – архитектура кандидаты, қауымдастырылған профессор, Satbayev University; Амандыкова Д.А. – архитектура кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА).

Диссертацияның алдын ала қорғауы 2025 жылғы 6 қараша күні, сағат 15:00-де, келесі мекенжайда өтеді: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22/5, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Т.К. Бәсенов атындағы Архитектура және құрылыс институты, ИМС, 503 аудитория.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту