28 мамыр 165

«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық ЖОО арасынтағы өткізілген пәндік олимпиадасының қорытындысы шығарылды

29-30.04.2024 жылы Тау-кен металлургия институтының оқу корпустарында “Жерге орналастру” білім беру бағдарламасының олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға 7 университеттен келген 7 команда қатысты. Олар:

1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Команда атауы: WestLand. Жетекшісі: Тасанова Жадыра Байжанқызы

2. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Команданың атауы: SU T.O.Y.G.O.L.S. Жетекшісі: Нұрпейісова Төлеужан Байболқызы

3. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Команда атауы: Сарыарқа. Жетекшісі: Турсынбаев Нуржан Аманжолович

4. М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Команда атауы: Жер ана. Жетекшісі: Есімов Есенбек Қауашұлы

5. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Команда атауы: Қырандар. Жетекшісі: Сагандыкова Дариға Нурлыбаевна

6. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Команда атауы: LandUse. Жетекшісі: Иканова Асель Серікқанқызы

7. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Команда атауы: Жер ұйық. Жетекшісі: Елеуова Эльмира Шораевна

Олимпиада жұмысы 4 кезеңде өткізілді.

Студенттердің пәндік олимпиада қорытындысы бойынша І орынды Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті иеленді. ІІ орынды С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті иеленді.

ІІІ орынды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті иеленді.

Команда жетекшілері алғыс хаттармен, қатысушы студенттер сертификаттармен марапатталды. Команда жетекшілері мен комиссия мүшелері жерге орналастыру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде жерге орналастырудың кейбір мәселелері, олимпиада өткізу және ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту