Исимова Айгерим Токтаровна
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Исимова Айгерим Токтаровнаның 6D071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Механикалық дірілді электрлік сигналға түрлендіру құрылғысы» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Медетов Бекболат Жаксылыковия – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университет, Астана қ., Казахстан Республикасы.
2. Ерол Курт – профессор, «Технология» факультеті, Гази Университеті, Анкара қ., Түркия.
Ресми рецензенттер:
1. Оразалиева Сандугаш Кудайбергеновна – PhD, «Электрондық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 6.
2. Бахтиярова Елена Ажибековна – техника ғылымдарының кандидаты, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Алматы қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 2.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
1. Мамырбаев Оркен Жумажанович – PhD, қауымдастырылған профессор, Ақпараттық және есептеу технологиялар институты директорының орынбасары, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, H-индексі – 12.
2. Айтмагамбетов Алтай Зуфарович – техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық коммуникациялар академиясының профессоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Алматы қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 6.
3. Тайсариева Кырмызы Нурлановна – 6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша PhD, «Электроника, телекоммуникация және космостық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. H-индексі – 4.
Қорғау 2025 жылғы 12 маусым күні, сағат 11:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде өтеді. Мекенжайы: 050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 22/5, ҚКОО корпусы, 4-қабат, 401-аудитория.
Онлайн форматта қатысу үшін алдын ала тіркелу сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/kk/protection
Докторанттың e-mail адресі: a.issimovat@gmail.com
Ғалым хатшы: PhD докторы, қауымдастырылған профессор Кальпеева Ж.Б., e-mail: z.kalpeyeva@satbayev.university, тел.: +7 (727) 292 11 56.