Ормамбекова Ажар Ермекқызы
Ормамбекова Ажар Ермекқызы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D071100 – «Геодезия» мамандық бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Ормамбекова Ажар Ермекқызы «Көп қабатты үйлердің деформацияларын автоматтандырылған геодезиялық бақылау әдістерін әзірлеу және жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.
Жұмыс Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Нұрпейісова Маржан Байсанқызы – техника ғылымдарының докторы, «Маркшейдерліл іс және геодезия» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- Roman Shults – техника ғылымдарының докторы, профессор Король Фахд мұнай және минералдар университеті, Дхахран, Сауд Арабиясы.
Ормамбекова Ажар Ермекқызының диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уақытша мүшелері:
1. Карл Вах – техника ғылымдарының кандидаты, Фотограмметриялық оқу құрылыс институтының бас директоры, Чехия (Прага), 6D071100- Геодезия, Хирш индексі – 5;
2. Шоғанбекова Дания Асығатқызы – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті (ҚТИЖМ), Халықаралық білім беру корпорациясы (ХББК), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА), 6D071100 – «Геодезия». Хирш индексі – 1
3. Қайранбаева Айнұр Берікқалиқызы – PhD докторы, «Ионосфера институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының 6D071100 – Геодезия. Хирш индексі – 2
1. Сарыбаев Еділ Сауытұлы – PhD докторы, м.а әл-Фараби атындағы Қазақ ұллтық университеті картография және геоинформатика кафедрасының доценті. 6D071100- Геодезия. Хирш индексі – 2;
2. Алтаева Асель Әбдікерімқызы – PhD докторы, Қонаева Д.А. атындағы «Геомеханикалық процестерді бақылау» зертханасының меңгерушісі. Хирш индексі – 2
Диссертацияны қорғау 2024 жылы «4» желтоқсан, сағат 10.00-де, мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев к-сі, 22, Тау-кен металлургия ғимараты, 2 қабат, 257 кабинет.
MS Teams сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection,
e-mail: A.оrmambekova@satbayev.university
Ғалым хатшы: Мейрамбек Гульдана, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, е-mail: g.meirambek@satbayev.university