Аленов Канат Табынович
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-та Аленов Канат Табынович философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Құрылыс конструкцияларының арматуралық элементтермен нығайтылған деформацияланатын ортамен әрекеттесу кезіндегі кернеулі-деформацияланатын күйін зерттеу» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғау өтеді.
Докторанттың оқу бағдарламасы 8D07365 – «Құрылыс» бойынша.
Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызыдорла университетінде орындалып, диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Бесімбаев Ерік Тұрашұлы – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры., Алматы, Қазақстан.
2. Локтев Алексей Алексеевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, "Ресей көлік университеті" федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің "Көлік құрылысы" кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу, Ресей Федерациясы.
Аленов Канат Табыновичтің диссертациялық жұмысы бойынша уақытша комиссия құрамы:
- Бегалиев Ұлықбек Тұрдалиевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инновациялық технологиялар университеті, Бішкек, Қырғызстан. Хирш индексі (h-индекс) - 4, докторанттың мамандығы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми мақалалары бар (8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру»).
- Шоқбаров Ералы Мейрамбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «ҚазНИИСА» АҚ өндіріс бойынша басқарушы директоры, Алматы, Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) - 2, докторанттың мамандығы бойынша Scopus базасында CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми мақалалары бар (8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру»).
- Омаров Абдулла Рахметұлы - PhD., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Сәулет-құрылыс факультеті "Құрылыс" кафедрасының аға оқытушысы, Астана, Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) - 10, Scopus базасында 22-ден астам ғылыми мақалалары бар, 8D07303 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру» мамандығы бойынша.
Рецензенттер:
- Тимур Тұрсынқұлұлы – PhD докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қ. Хирш индексі (h-индекс) – 6. Scopus базасында индекстелетін 15-тен астам ғылыми жарияланымның авторы. Білім беру бағдарламасы: 8D07303 – «Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру».
- Брянцев Александр Александрович – PhD докторы, «RAS Engineering ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас директоры, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 2. Scopus базасында индекстелетін 2-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Білім беру бағдарламасы: 8D07365 – «Құрылыс».
Диссертациялық жұмысты қорғау 2025 жылдың 22 тамызында сағат 15:00-де өтеді.
Өтетін орны: Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті,050013, Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 22, Мұнай корпусы, 3-қабат, 316-аудитория.
MS Teams сілтемесі:
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection
Ғылыми хатшы: PhD, Бердіқұл Н.И.,
е-mail: n.berdikul@satbayev.university