Алтаева Асель Абдикеримкызы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарлама
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 6D071100 – «Геодезия» мамандығы бойынша докторант Алтаева Асель Абдикеримкызының «ГАЖ-технологиялардың көмегімен Орловск кешенінің жер бетін геодезиялық бақылау әдістемесін жетілдіру» тақырыбындағы PhD философия докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өтеді.
Диссертация жұмысы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Шамганова Ляззат Саевна – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Д.А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институты директорының орынбасары.
2. Кашников Юрий Александрович – техника ғылымдарының докторы, Пермь ұлттық зерттеу политехникалық университетінің профессоры (Пермь қ., Ресей).
Рецензенттер:
1. Низаметдинов Фарит Камалович - техника ғылымдарының докторы, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті.
2. Қырғызбаева Динара Мейрамбекқызы - PhD докторы, Parasat Almaty мектебінің маманы.
Қорғау 2022 жылдың 16 маусымында сағат 14-00-да Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050013, Алматы қ., Сәтпаев к-сі 22, Тау-кен металлургия корпусы, 252 ауд.
Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме:
e-mail: a.aselya_92@mail.ru
Ғылыми хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор Кыргизбаева Г.М., e-mail: g.kyrgizbayeva@satbayev.university,
тел.: 8 778 849 60 58.