Аязбай Абу-Алим Ерикулы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D07104 – «Аспап жасау» мамандығы бойынша Аязбай Абу-Алим Ерикулының «Машиналық көзді қолдана отырып, манипуляторды басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғау өтеді. Жұмыс «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ-да орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау қазақ тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Оразалиева Сандугаш Кудайбергеновна –PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Ғ.Дәукеев атындағы «Алматы энергетика және байланыс» университетінің «Электрондық инженерия» кафедрасын меңгерушісі. Хирш индексі – 5;
- Серғазин (Балбаев) Ғани Құдайбергенұлы – PhD доктор, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры. Хирш индексі – 8.
- Конрад Громашек – PhD доктор, Люблиннің техникалық университетінің профессоры. Хирш индексі – 10.
Ресми рецензенттер:
- Байгунчеков Жумадил Жанабаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика кафедрасының профессоры. Хирш индексі – 5.
- Муханов Самат Бакытжанович – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, Хирш индексі – 2.
Аязбай Абу-Алим Ерикулының тақырыбы бойынша диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Джомартов Асылбек Абдразакович – техника ғылымдарының докторы, профессор, У. А. Джолдасбеков атындағы «Механика және машинатану институты». Докторанттың ғылыми зерттеу облысы бойынша Scopus деректер базасында процентиль көрсеткіші кемінде 35-тен асатын 2-ден астам ғылыми жарияланымы бар. Хирш индексі – 6.
- Prashant Jamwal, PhD доктор, қауымдестырылған профессор, Назарбаев университетінің «Инженерия және цифрлық ғылымдар» мектебінің профессоры. Докторанттың ғылыми зерттеу облысы бойынша Scopus деректер базасында процентиль көрсеткіші кемінде 35-тен асатын 2-ден астам ғылыми жарияланымы бар. Хирш индексі –23.
- Маликова Феруза Умирзаховна – доктор PhD, қауымдастырылған профессор, Алматы технологиялық университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, докторанттың ғылыми зерттеу облысы бойынша Scopus деректер базасында процентиль көрсеткіші кемінде 35-тен асатын 2-ден астам ғылыми жарияланымы бар. Хирш индексі – 3.
Сонымен қатар Microsoft Teams платформасында онлайн форматта төмендегі сілтеме бойынша.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university;
Алдын ала жазылу бойынша онлайн форматта қатысу үшін сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/2559887054?pwd=G0ASRjGv51ZvBUY3y1TvkWddHFKhnD.1&omn=88619118110
Идентификатор конференции: 255 988 7054
Код доступа: 12345
Ғылыми хатшы: техника ғылымдарының кандидаты, доктор PhD, аға оқытушы Алтай Ельдос Алтайұлы, e-mail: y.altay@satbayev.university, тел.: +7 (778) 887-69-86