Батаев Нұрлан Айбулатұлы
Докторлық диссертация қорғау туралы хабарлама
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша докторант Батаев Нұрлан Айбулатұлының «Газ тасымалдау агрегаттың жұмыс режимдерін модельдеу және зерттеу» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өткізіледі.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында орындалған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Сулейменов Батырбек Айтбаевич – техникалық ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі.
2. Ахметов Даурен Фарабиевич – техникалық ғылымдарының кандидаты, Hokkaido University профессоры, Жапония.
Рецензенттер:
1. Самигулина Галина Ахметовна – техникалық ғылымдарының докторы, доцент, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының «Болжамдау мен басқарудың зерделі жүйелері» зертханасының меңгерушісі (05.13.01).
2. Утепбергенов Ирбулат Туремуратович – техникалық ғылымдарының докторы, Тұран университетінің профессоры (05.13.06).
Қорғау 2020 жылдың 31 қантарда, сағат 14:00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің келесі мекен жайы бойынша өтеді: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а, Бас оқу ғимараты (Байтұрсынов 122), 707 аудитория.
Университеттің сайты: www.kaznitu.kz, e-mail: n.batayev@zeinetsse.com
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бойынша Диссертациялық кеңестің Төрағаның орынбасары: техникалық ғылымдар кандидаты, Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының директоры Сейлова Нургуль Абадуллаевна
e-mail: n.seilova@satbayev.university, тел.: 320-40-34
Диссертациялық кеңес жиналысының бейнежазбасы 31.01.2020 ж.