Байбоз Ақниет Раббимұлының
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінде 6D070600 – «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесіне ұсынылған Байбоз Ақниет Раббимұлының «Бұрғы ұңғымаларына арналған бұрғылау құралдарының конструктивті параметрлерін ғылыми негіздеу» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасында орындалған. Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Федоров Борис Владимирович – техника ғылымының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры.
- Кожевников Анатолий Александрович – техника ғылымының докторы, «Дніпровська Політехнiка» Ұлттық Техникалық Университетінің профессоры (Днипро қ., Украина).
Рецензенттер:
- Селезнева Виктория Юрьевна – геология-минералогия ғылымының кандидаты «Два Кей» ЖШС геологы.
Смашов Нұрлан Жақсыбекұлы – техника ғылымының кандидаты, философия докторы (PhD), «Ғылыми енгізу орталығы «Алмас» ЖШС директоры.
Жұмысты қорғау 2019 жылдың 13 желтоқсанда, сағат 14.00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтында келесі мекен-жайы бойынша өтеді: 050010, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, Ш.Уәлиханов қиылысы 69/94, конференц-залы.