Бердіқұл Назерке Иманәліқызы
Докторлық диссертацияны қорғау туралы
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D07305 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Бердіқұл Назерке Иманәліқызы «Тиімді химиялық қоспаларды қолдану есебінен ұсақ түйіршікті бетонның пайдалану уақытын ұзарту» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.
Жұмыс Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалды және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылды.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Ақмалайұлы Кенжебек - техника ғылымдарының докторы, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- Pundiene Ina - PhD докторы, Құрылыс материалдары институтының бас ғылыми қызметкері, Вильнюс Гедиминас атындағы техникалық университет, Вильнюс қаласы, Литва.
Бердіқұл Назерке Иманәліқызының диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уақытша мүшелері:
- Иманов Марат Омирбекович – техника ғылымдарының кандидаты, Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, Хирш индексі (h-индекс) – 3, докторанттың 8D07305 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары 3-тен астам ғылыми жарияланымдары бар.
- Айменов Жамбыл Талхаұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, Әуезов атындағы ОҚМУ Жаратылыстану ғылымдары Ғылыми зерттеу институтының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының және Ресей С әулет-құрылыс ғылымдары академиясы академигі, Хирш индексі (h -индекс) – 2, докторанттың 8D07305 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша (Scopus) CiteScore 35-тен жоғары 3 ғылыми жарияланымдары бар.
- Касымова Мариам Тохтахуновна - техника ғылымдарының докторы, Қырғыз-Ресей Славян университетінің «Құрылыс» кафедрасының профессоры, Бішкек қаласы, Қырғызстан Республикасы, докторанттың 8D07305 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша РИНЦ индексіне кіретін басылымдарда 20-дан астам ғылыми мақалалары бар.
Рецензенттер:
- Рахимова Галия Мухамедиевна – техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, КЕАҚ Қарағанды техникалық университеті, Хирш индексі (h-индекс) – 5, 8D07305 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында 12-ден астам ғылыми жарияланымдары бар;
- Естемесова Аксая Сансызбаевна - техника ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент» факультетінің қауымдастырылған профессор-зерттеушісі, Халықаралық білім беру корпорациясы, Хирш индексі (h-индекс) – 2, 8D07305 - «Құрылыс және құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша Scopus базасында 5-тен астам ғылыми жарияланымдары және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінде жарияланымдары бар.
Диссертацияны қорғау 2024 жылы «13» қарашада, сағат 15.00-де, мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев к-сі, 22, Мұнай корпусы 316 кабинет.
Сайт адресі: https://official.satbayev.university/ru/protection,
13.11.24 күні Бердіқұл Назерке Иманәліқызының диссертациясын қорғау видеосына сілтеме:
https://youtu.be/qMpNa0cd3-o?si=f54XxTPB7PuXTdeW
e-mail: berdikulnazerke@satbayev.university
Ғалым хатшы: М.а., т.ғ.д., профессор Е.Бесимбаев, e-mail: y.bessimbayev@satbayev.university