Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа
19 мамыр 406

Боранбаева Лаура Ергалиевна

 

Докторлық диссертацияны қорғау туралы хабарландыру

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 8D07107 – «Көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторант Боранбаева Лаура Ергалиевнаның «Парафиндердің түзілу процестерін зерттеу және жоғары парафинді мұнайдың реологиялық көрсеткіштерін жақсарту әдістерін әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысын қорғайды.

 

Диссертациялық жұмыс Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде орындалған және диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған. Қорғау орыс тілінде өтеді.

 

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бойко Галина Ильясовна – химия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Химиялық және биохимиялық инженерия» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

2. Шарифуллин Андрей Виленович – техникалық ғылымдарының докторы, Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің «Мұнай және газды қайта өңдеу химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры, «Мұнайлы провинция» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі, техникалық саладағы федералды сарапшы, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі.

 

Рецензенттер:

1. Досумов Кусман Досумович – химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 9, докторанттың 8D07107 – «Көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары Scopus базасында 6-дан астам жарияланымы бар;

2. Тунгатарова Светлана Александровна – химия ғылымдарының докторы, профессор, Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институтының тотығу катализі зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі (h-индекс) – 7, докторанттың 8D07107 – «Көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары Scopus базасында 6-дан астам жарияланымы бар.

 

Л.Е. Боранбаеваның диссертация тақырыбы бойынша диссертациялық кенестің уакытша мүшелері:

1. Онгарбаев Ердос Қалимұллаұлы – химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорі, Алматы қ., Қазақстан. Хирш индексі – 10, докторанттың 8D07107 – «Көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары Scopus базасында 8-ден астам жарияланымы бар.

2. Ашимова Салтанат Жандарбекқызы – PhD, Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының жол құрылыс материалдары және жаңа технологиялар бөлімінің жетекшісі. Хирш индексі – 6, докторанттың 8D07107 – «Көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары Scopus базасында 3-тен астам жарияланымы бар.

3. Елубай Мәденитет Азаматұлы – химия ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессорі, Жаратылыстану факультетінің деканы. Хирш индексі – 4, докторанттың 8D07107 – «Көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша CiteScore көрсеткіші 35-тен жоғары Scopus базасында 7-ден астам жарияланымы бар.

 

Диссертацияны қорғау 2025 жылы «19» маусымда, сағат 14.00-де Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтеді: 050013, Алматы қ., Қаныш Сәтпаев көш., 22, Мұнай корпусы, 316 аудитория.

 

Сайт адресі:https://official.satbayev.university/ru/protection, e-mail: zhaniya.paltusheva@gmail.com

MS Teams-қа сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_ZjFmZTM0ZjYtNzFiMC00ZTYwLWFiNzEtNWQ3Mzg0OGQxNmQ5%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%2249cc33db-453b-4ada-aaee-63c5dcd64f9c%22%2c%22Oid%22%3a%220ec3e3ea-20a8-432a-9e25-6d7001bd6983%22%7d

Ғалымхатшы: PhD Аязбаева А.Е. a.ayazbayeva@satbayev.university, тел.: +7 (702) 787 75 67

 



Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Қате кетті!

Файл өлшемінің максималды шегінен асты.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту